Медиация тәртібінде дауда жүрген екі тарап медиатордың білімі мен біліктілігіне, тәжірибесіне сүйене отырып, екі жаққа да пайдалы шешімге ерікті түрде келеді. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматттық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларға медиация қолданылады. Медиацияның мақсаты дауды шешуде медиацияға қатысушы екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу.
Басы ашық нәрсе, медиация институты қазаққа жат емес. Медиацияны көп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады. Оған себеп – медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Заңның жалпы сипаты мен тұжырымдамасы да қазақтын ежелгі заманнан қолданылып келе жатқан билер сотының үлгісі. «Медиация туралы» заң күшіне енгелі, осы заң туралы сот саласы қызметкерлері мен қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматттық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерге медиация тәртібін қолдануға болады. Алайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болса, оған бұл заңның рәсімі қолданылмайды. Сол секілді сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға да бұл тәсіл қолданылмайды. Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маңызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптардан, мемлекеттік органдардан және өзге де лауазымды тұлағалар жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.
Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі болып саналады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Ал, бұл ең бастысы халыққа да, сотқа да тиімді.
Ж.Г. Жумадилова,
Қарасай аудандық сотының судьясы.