Мемлекеттік корпорацияның Алматы облысы бойынша филиалы Қонаев қаласының, Қарасай және Іле ауданының тұрғындары дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисін пайдалана алатынын еске салады. Бұл ретте, курьерлер құжаттарды көрсетілген мекенжай бойынша 2 сағат ішінде жеткізеді.
Айта кетсек, құжат дайын болған кезде қызметалушыға жеткізуді рәсімдеу ұсынысымен 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде express.gov4c. порталына сілтеме түседі. Өтінімді рәсімдеу кезінде клиент сауалнамалық деректерді толтырып, жеткізу мекенжайын көрсетіп төлем жасауы қажет болады.
Дайын құжаттарды жеткізу мемлекеттік қызметтің 150 түрі, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқа қызметтер бойынша қолжетімді. Дегенмен, жеткізу қызметіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.
Бұл қызмет азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудан босатып, олардың уақытын үнемдейді.
Мөлдір Айдосқызы,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері