Кітапхана – рухани азық мекені. Бүгінгі технологиялық революция заманында өскелең ұрпаққа олардың артықшылығы мен маңыздылығын жиі айтып тұру артықтық етпейді. Себебі, кітапты қолға алып, оқығанды сана сезіміңмен түйсініп, көңілге түюдің өзі ерекше шабыттандырады. Таяуда, осы мақсатта Көксай ауылында орналасқан М.Мәметова атындағы мектепте, Іргелі ауылдық және мектеп кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Білім көзі кітапта» атты ертеңгілік өтті. …
Талдықорғандағы Журналистер үйінде «VIP ZHETYSU» кітапханасы ашылды. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен қолға алынған жаңа бастама жастарды кітап оқуға шабыттандырып, таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған. Онда арнайы зияткерлік клуб жұмыс істейді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлының айтуынша, бұл әлеуметтік, мәдени және білім беру салалары бойынша түрлі шаралар өткізетін жалпы облыс орталығындағы алғаш …
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты ғылыми танымдық-экспедиция жуырда біздің ауданға да келіп кетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын халық арасында кеңінен насихаттау бұл сапардың негізгі мақсаты еді. Университеттің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев …
300-ге жуық жас педагог-мамандар Сулейман Демирел университетінде «Рухани жаңғыру және цифрлық ғылымның ілгерілеуі кезеңіндегі адами капиталдың дамуы» тақырыбында өткен семинар-практикумде бас қосты. Ауқымды іс-шараға мектеп және колледж оқытушылары қатысып, жаңашыл форматтағы білім үрдістерімен кеңінен тәжірибе алмасты. Айта кеткен жөн, университет ұжымы аталмыш іс-шараны алғаш рет жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту және педагогика саласындағы мамандардың біліктілігін …
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясына жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі – Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Батыр бабалар» мемориалды музейі 2017 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған болатын. Музей – Іле Алатауының батыс бағытында, көз тартар көркем табиғат аясында орын тепкен. Бұл жерде «Батыр бабалар» мемориалды музейімен қатар, «Нұр-Мұсахан» атындағы мешіт, жас …
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудандық кітапханада «Ұмытылмас есімдер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау кезеңіндегі тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін туралы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» және «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», М.Қозыбаевтың зерттеулері, «Қызылдар қырғыны», «Зобалаң», «Аза», «Боздақтар», «Алаш көсемсөзі», …
Осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылған болатын. Ал, 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады. Аталған уақыт …
Жетісулықтар Астана қаласының 20 жылдығына орай, 20 мың метр биіктікті бағындырмақ. Оны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен «Жетісу» георграфиялық қауымдастығы ұйымдастыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Шараның мақсаты – облыстың таулы туризмін дамыта отырып, жастардың физикалық, техникалық дайындығын жетілдіру және жергілікті тарих пен этнографияны дамыту. Шара ұйымдастырушылары өткен аптада бірінші болып, …
Всех карасайских предпринимателей воодушевило выступление нашего Елбасы на церемонии публичного подписания Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования регулирования предпринимательской деятельности», во время которой говорилось и о большом значении его Пяти социальных инициатив. Прежде всего, отмечалось, что частная инициатива и свободное предпринимательство являются ключевыми факторами экономического развития, …
И вновь известный путешественник, писатель-публицист Исмаилжан Иминов, проживающий в соседствующем с нами селе Каргалы Жамбылского района, порадовал своим творением. На сей раз из-под его пера вышел сборник «Рассказы старого кашгарца», посвященный близкому и особо дорогому человеку – отцу Абдыкадыру кари. Презентация книги состоялась в городе Алматы, в Национальной библиотеке Республики Казахстан. Приехали разделить эту большую …









