Елімізде былтырғы жылдың қараша айынан бастап утилизация туралы жаңа жоба қолға алынған болатын. Соның арқасында, жер-жерде жаппай жүруге жарамсыз автомобильдерді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін арнайы бекеттер де ашылған. Бұл ретте, Алматы облысы бойынша жарамсыз көлікті қабылдайтын бір қосынның біздің Қарасай ауданының Жармұхамбет ауылында орналасқанын да айта кеткен жөн. Жалпы, бұл үшін нендей құжат …
Жақында аудан әкімдігінің мәжілісі болып, оның жұмысын аудан әкімі Махаббат Бигелдиев жүргізіп отырды. Алдымен аудандық мәслихаттың хатшысы, депутаттар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, қала және округ әкімдері, аудандық құқық қорғау органдары, аудандық бөлімдер мен басқарма басшылары, мектеп директорлары қатысқан мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе …
Жетісу – аграрлық саланың негізінде өзіндік даму жолын айқындаған, жыл санап өркендеп келе жатқан өңір. Оған қалаларда қарқын алған құрылыстар, жаңадан қанат жайған өндірістік аймақтар, инфрақұрылымы нығайтылып, көркейіп келе жатқан елді мекендер нақты дәлел бола алмақ. Бұл жүйелі жұмыстарға облыс әкімі А.Баталовтың еліміздегі ең үздік облыс әкімі болып танылуы және Елбасының оны мақтап қана қоймай, …
«Заман жаршысын» қарап отырып, мерейтойлары өтетін аудан азаматтарына көзім түсті… …Менің бала кезім. Соғыс бітіп, майданға кеткен азаматтар оралып жатты. Отан қорғаушылар елге келгеннен кейін бейбіт өмірдің тіршілігіне белсене араласып кетті. Колхоздың әйелдер, қарттар, қала берсе, біз сияқты жасөспірімдер атқарған ауыр жұмыстарын енді ер жігіттер қолға алды. Менің анам Асанжан атаның звеносында қызылшашы болып жұмыс …
Ұлттық, тіпті, әлемдік поэзия көгінің жарық жұлдызы, мәңгі өшпес, өлмес өлеңдерімен туған халқының жанын теңіздей тербеген, сұлу сөз, терең ойымен өзіне ешкім тең келмеген, өрт сезімі, от жүрегімен жыр бәйгесінің алдын бермеген Мұқағалидай ақыны бар қазақ қашанда бақытты! 9 ақпан – қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күнінде аудан орталығы – Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл …
Белгіленген уақытта, тиімді бағамен сапалы өнім! Бизнес әлемінің осындай айнымас қағидасын берік ұстанған «Алтын Жұлдыз текстиль» тігін фабрикасының командасы бірнеше жылдан бері еліміздегі ірі құрылыс компанияларының жұмысшыларына және құқық қорғау, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған формаларды тапсырыспен тігіп келеді. Ауданымыздың Іргелі ауылдық округінде орналасқан өнеркәсіп орны қазіргі таңда жүзден астам жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып қана …
Осыдан бір жарым жыл бұрын, Елбасының Ұлт жоспары стратегиялық бағдарламасында айтылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі біртіндеп елімізде енгізіле бастамақ. Бұл ретте әрбір қазақстандықты аталған жүйенің артықшылығы мен алғышарттары, міндеті мен мақсаты, күтілетін нәтижесі қандай болатыны мазалайтыны анық. Яғни, осы жаңашылдықтың тиімділігі неде? Сақтандыру пакеттеріне не жатады? Оған қалай қатысуға болады? Мемлекет кімдерге тегін медициналық …
Кешіріңіз, бұл ақпараттың қазақ тілі қол жетімді емес.
Сәрсенбі күні, аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында, аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің төрағалығымен, бөлім, мекеме, комитет басшылары, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан актив жиыны болды. Бұл алқалы жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кеше халыққа БАҚ арқылы жолдаған, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы жан-жақты талқыланып, соған сәйкес алдағы күні атқаруға тиіс …
Мемлекет берген мүмкіндікті мүдірмей пайдаланып, мерейі өсіп жүрген жандар арамызда баршылық. Солардың бірі – сонау сыр өңірінде туып-өсіп, еліміздің солтүстігінде жоғары білім алып, бүгінде жер жәннаты Жетісудың қара шаңырағы саналатын қасиетті Қарасай ауданында еңбек етіп жатқан Нұртазаев Жасұлан Әбдірейімұлы. Осыдан үш жыл бұрын Үшқоңыр қазақ орта мектебіне «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы келіп орналасқан жас …