Бүкіл әлемге танымал болған хамак йогасы енді Қарасай ауданында да бар. Йоганың бұл бағытын ұстанған алғашқы орталық Қаскелең қаласындағы «Верона» мейрамханасында «Баланс Каскелен» атауымен ашылды. Бүгінде қала тұрғындары заманауи әдістеме бойынша танымал йога бағытымен танысу мүмкіндігіне ие. Аталмыш йога орталығының нұсқаушысы Динара Алмабекқызының айтуынша, спорттың бұл түрінде ешқандай жас, не салмақ шектеулері жоқ. Хамактағы йога …
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және мерейлі мерекелердің бірі болып саналатын Астана күніне орай Талдықорған қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейні іске қосылды. 570 орындық, екі қабатты бассейн ғимаратының сыртқы келбеті теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді. Мұнда жас спортшылар су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудің барлық түрінен жаттыға алады. Болашақта ғимараттың халықаралық …
Еліміз егемендік алған жылдардан бері шекарамыз бекіп, уақыт өткен сайын сан салада жеткен жетістігіміз артып келеді. Оның ішінде спорттан да мемлекеттің талай мәртебесі өсіп, мерейі үстем болды. Осы ретте спорт десе, ішкен асын жерге қоятын қарасайлықтардың қатары аз емес екенін ерекше айтуға болады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осы салада талай жетістікке жетіп, Жетісу жерінің …
Қаскелең қаласында, Қарасай аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет пен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Елдорда күніне орай футболдан жарыс өтті. Аталмыш іс-шараға аудан мектептерінің және пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдер қатысты. Қарасай ауданы әкімі аппаратының бас маманы Айжан Ізбасардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану. Жарысқа аудан бойынша 8 …
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің есімі тарихта қалатыны сөзсіз. Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының батыры атанған, ел мақтанышы биыл 75 жасқа толып, мерейлі мерейтойын атап өтуде. Ұлы даланың ұшқышы Тоқтар Оңғарбайұлының құрметіне орай ауданымызға қарасты «GULNAR BAQ» демалыс орнында құмдағы волейболдан халықаралық жарыс ұйымдастырылып, оның ашылу салтанаты мен алғашқы ойындары өткізілді. Дүбірлі доданың өтуіне …
Өткен аптадағы сенбі күні Қаскелең қаласындағы Жанғозин көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде «TAS GROUP» компаниялар тобының және де «Асыл тас» қоғамдық қорының кішкентай қарасайлықтарға сыйға тартқан жаңа жаздық ойын алаңының ашылу салтанаты өтті. Заманауи алаң (футбол алаңы, балалар ойын алаңы) екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігінде арнайы жасанды көгал төселіп, балалардың футболмен айналысуларына арналған үлкен …
2019 жылғы маусым айының 20-да ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен, Қарасай ауданы Шамалған ауылында қазіргі талапқа сай спорт нысаны салынған болатын. Аталған кешеннің ашылу рәсіміне Елбасы арнайы қатысқан да еді. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас жеткіншектерге ақ батасын беріп, болашақта еліміздің туын асқақтатын чемпиондар болып шығуларына тілегін білдірді. Биыл, міне, …
«Үшқоңыр» спорт мектебінің шәкірттері түрлі жарыстарда оза шауып, әр аймақта өткен спорттық сайыстарда ауданның мерейін үстем етіп келеді. Жақында мұндағы жас боксшылар республикалық турнирге қатысып, тағы да жақсы нәтиже көрсетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған айтулы дода Түркістан облысының, Ордабасы аудынанда өтті. Әр өңірдің кіл мықтылары жиналған бұл жарысқа «Үшқоңыр» спорт мектебінде шынығатын 2005-2006, 2007-2008 …
Жасыл алаңда жасындай жарқылдап, ала допты ұршықша иіретін жастар біздің ауданда да бар. Сондай теңбіл доппен тәрбиеленіп келе жатқан жасөпірімдер арасындағы мықтылардың бірі «Үшқоңыр» спорт мектебінде шынығады. 2006 жылғы футболшылардан жасақталған «Үшқоңыр – 2006» командасы аудан бойынша өз қарсыластарына есе жіберген емес. Олар – түрлі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, ауданның атын шығарып жүрген спортшылар. 1 …
Өткен аптада Алматы қаласында муай тайдан оқушылар арасында ел чемпионаты өтті. 25-30 маусым күндері өткен бұл жарысқа Қазақстанның әр түкпірінен 500-ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынады. Дүбірлі додада, Жетісудың намысын қорғау үшін, біздің мектебіміздің 10 оқушысы мықтылығын танытты. Облыстық чемпионаттан сүрінбей өткен бірқатар спортшыларымыз бірінші және екінші айналымдарда қарсыластарына жол беріп қойды. Ал, Себель Ахметова …