Жетісу өңірінде өмір сүріп, өз заманының шешені болған, әрі көсем, әрі би, әрі қол бастаушы батыр Балпық бидің ерлігін ұрпаққа өнеге етуді парыз санаған көксулықтар бидің 325 жылдық мерей тойын дүбірлете атап өтті, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Атаулы мерекені тойлау «Балпық баба ізімен» тарихи -танымдық экспедициялар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, көне орындарға ғылыми экспедиция, …
Жуырда Елтай ауылдық округіндегі Береке орта мектебінде көпшілікті қатты қуантқан, жиналғандарды жақсы риза еткен іс-шара өткізіліп, біз де соның куәсі болып қайттық. Ол «Жақсының жақсылығы жерде қалмас…» деп аталған, Жетісудың белгілі ақыны, сал-серісі Әшім Нұрлыбаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған әдеби кеш еді. Алдымен қасиетті Қарасай жеріндегі Октябрь (қазіргі Береке) ауылында туып-өскен, басынан қандай қиындықты …
Өнерлі жастарға қашанда жол ашып, талантын ұштайтын түрлі байқаулардың қатары аз емес. Осындай мәдени шаралардың кейбірі біздің ауданымызда да ұйымдастырылып, жас өрендерді үлкен сахнаға баулып келеді. Солардың бірі өткен аптаның сенбісінде Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінде өткізілді. Нақтырақ айтқанда, «Talantty jastar» деп аталатын республикалық өнер-білім байқауына аудан бойынша көптеген оқушылар мен жас мамандар қатысып, …
Отбасы – жарастық орнаған кішкентай Отан. Бұлай дейтініміз, сыйластығы асқан, берекесі тасқан әулеттің шаңырағына шаттық орнайды. Осындай мерекелі де берекелі ошақтан Отан құрылады. Бұл қоғам шындығы. Міне, осынау қасиетті құндылықтарды жас отбасыларға насихаттау үшін кеше Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «Жас отау» отбасылар байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен болған шараның мақсаты …
Адам баласы үшін білімнің орны бөлек. Білімі мол, оқыған-тоқығаны көп жанның жан сарайы нұрға толып, көкірегіне сәуле құйылады. Ойы орнықты, жұмысы жемісті болып, ісі ілгері жүреді. Туған еліне көп пайда келтіреді, өзінің де өмірі мәнді, тұрмысы сәнді болады. Ал, білімді беретін, ілімге қанықтыратын, әрине, алдымен мектеп, ұстаздар! Осы орайда 100 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, …
Ұлы тұлғаларымыздың бірегейі, халқымыздың парасатты перзенті, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні ауданымызда кең көлемде аталып өтілді. Кең байтақ қазақ жерінің заман көшіне ілесіп, түрлі өнеркәсіп орындарының ашылуы мен жаһандық өркениет белгісі – үлкен қалалардың салынуы, ғылым-білімнің жетілуі және басқа да толағай табыстарымыз сол …
Жақында, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасымен жарыққа шыққан Жетісу ақын-жазушыларының кітаптарының тұсаукесері өтті. Оқырмандарға жол тартқан 41 автор кітаптарының ішінде өзіміздің Серік Қалиевтің «Ақын жолы» өлеңдер жинағы да бар. Осы ретте автордың қысқаша өмірбаянына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Қалиев Серік Мақұлбекұлы 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл …
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда …
Ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, насихаттауға, оған жастарды, өскелең ұрпақты баулуға сүбелі үлес қосып келе жатқан «Балатай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлән Жанғұттының есімі бүгінгі таңда өз елімізде ғана емес, сондай-ақ, шетелдердегі халықаралық сән көрмелерде де белгілі. Бұл жолы да он саусағынан өнер тамған қолөнерші Күлән апайымыз Қырғызстанда тамыз айының 19-21 аралығында «Дордой Номад» атты амфитеатр Мәдениет, …
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылу тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өткен. Демек, …