Жуырда Алматы қаласында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2018 жылдығы іс-шараларының шеңберінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық кеңес» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Этно-fashion» фестивалі өтті. Аталмыш шараға құрметті қонақ ретінде ұлттық салт-дәстүріміздің ұмыт қалмауына барын салып, қазақы қолөнерді дамытуға күш салып жүрген жандардың бірі – ауданымыздағы «Балатай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлән Жанғұтты да шақырылды.Күлән апай осы ұйымды құрып, …
Тамыздың 31-інде Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» атшабарында Конституция күніне және Астананың 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтті. Бұл күні ұшқан құстың қанатын талдырып, тұлпардың тұяғын тоздыратын кең байтақ еліміздің төрт қиырынан атбегілер келіп, желмен жарысқан 200-ге жуық сәйгүліктің бабы сыналған дүбірлі дода болды. Мерекелік шараға облыс әкімі …
На протяжении четырех дней – с 28 по 31 августа в нашем районе, на территории центра детского отдыха «ARMAN DALA», что по верхней трассе Алматы – Жандосово, проводил свою работу международный молодежный лагерь «БІРЛІК». Это мероприятие было организовано Ассамблеей народа Казахстана (АНК) в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» и летней школы «100 новых лиц: как …
Аудан аумағында орналасқан Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Шолпан Бастаубаеваны өзінің өмірлік жолын тура таңдаған жан деуге әбден болады. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын жақсы бітірген оған мемлекеттік емтихан комиссиясы тарапынан В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасына жолдама беріледі. Жасынан …
Жуырда Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінің алаңында, мектеп оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойындарының бірі – Асық ату ойынынан іріктеу жарысы өтті. Қызу бәсеке барысында командалық есеп бойынша Көлащы орта мектебінің оқушылары топ жарса, ІІ, ІІІ орынға қазақ орта мектебі мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары ие болды. Ерекше көзге түскен асық ату шеберлері аудандық жарысқа …
Мен Несіпбала –Нэлля Әбенқызы Әбділдаеваны көп жылдар сыртынан, алыстан ғана, бұрынғы кеңес дәуірінде өткізіліп жататын әртүрлі жиналыстардан көретін едім. Шындығында, қоғамшыл, қайраткер адамдар бір-екі жылда қалыптаса қоймасы белгілі болатынындай, Несіпбала Әбенқызы да тумысынан, одан әрі мектеп қабырғасында оқыған жылдарынан көшбасшылығымен, қарапайым тілмен жеткізсем,пысықтығымен көпшіл, белсенді болған сияқты. «Сияқты» емес, дәл солай өзіндік айтар ой-пікірімен, турашыл …
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бағыты бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жоба жүзеге асырылуда.Президентіміз өзінің бағдарламалық мақаласында: «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде …
Тамыздың 16-сы күні, Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласында «Jetisy Style» жастар фестивалі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, өнер мен спортқа баулу, жаңа талант көзін ашу. Жетісу жерінде өткен жастар мерекесіне біздің ауданның да жас әншілері, бишілері, ақындары қатысып, өз …
У молодого поколения мастеров пера появилась возможность проявить себя в новом проекте «Создание книжной серии, основанной на биографии выдающихся людей Алматинской области». Данный проект инициирован областным управлением внутренней политики в рамках реализации задач, поставленных в программной статье Президента «Рухани жангыру: 100 новых лиц». Об этом рассказал автор книг «Күміс кітап», «Настольная книга казахского бизнесмена», «Күнкөрістен …
Бүгінде ауданымызда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында еліміздің, жеріміздің тарихын бейнелейтін және оған қоса, ата-бабаларымыздың өмір-тұрмысымен тереңінен таныстыратын орталықтардың саны күн санап көбейіп келеді. Жақында олардың қатарына көшпенділердің дәстүрлі әскери өнерін дәріптейтін «Номад» этноорталығы қосылды. Жалпы, мұнда орталық қызметкерлері сақ, ғұн, үйсін, түркі, түркі-моңғол және қазақ халықтарының ежелден келе жатқан әскери тәсілдерін және киім үлгілерін …