Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аптаның екінші күні Алматы облысына жұмыс сапармен келді. Мемлекет басшысы алдымен облыс орталығы Қонаев қаласына барып, оның бас жоспарымен және өңірдегі бірқатар нысандарды аралады. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жұмыс сапары кезінде Қарасай ауданына да арнайы келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қарасай жеріне келген Мемлекет басшысы осы аудандағы олимпиадалық даярлық орталығы …
Облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов Жамбыл ауданына жасаған іссапарында бірнеше елді мекенді аралап, ақындар мен батырлар елінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ жергілікті мәслихат депутаттарымен, мекеме басшыларымен арнайы жиын өткізді. Жаңадан сайланған мәслихат төрағасы ауданға сапарын «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атанған Сүйінбай Аронұлының рухына тағзым етуден бастады. Жыр сүлейінің Қарақыстақ ауылының шығысындағы мәңгілік мекеніне атбасын тіреген халық …
Қарасай жерінде жыл сайын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың жүлдесіне арналған спорттық ойындар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Ұлт тұлғасын ұлықтауға арналған игі бастама биыл да ұйымдастырылды. Анығын айтқанда, Райымбек ауылдық округіндегі «GULNAR BAQ» демалыс және спорт базасына жиналған жұрттың қарасы қалың болып, Димаш атаны еске алу, рухына …
Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті рет кездескен аудан әкімі Таңат Айдарбеков округ әкімі Нұрбол Досымбаевпен бірге ауыл тұрғындарының айтарына тағы да құлақ түрді. Жоспарлы түрде өтіп жатқан тұрақты кездесу болғандықтан, көптеген күрделі мәселенің айтылатыны анық. Ал тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беретін аудан әкімі аппаратының сала мамандары да залдан табылды. Жиынды жүргізген аудандық мәслихаттың төрағасы …
Қайта құрылған Кеген ауданында жақсылықтар мол. Жақында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданына іссапармен барып, бірқатар нысандарды өз көзімен көріп қайтты. Айта кетейік, өңір басшысына Ақтоғай су электр стансасы құрылысының жобасы таныстырылды. Аталған жобаның құрылыс жұмыстары 2026 жылға дейін созылады, деп жоспарлануда. Мамандардың айтуынша алдағы уақытта Ақтоғай СЭС-і қуаттылығы 220 мВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндігі …
Қай ұлтты алып қарасақ та мемлекеттің мәртебесін көтеретін, азаттығын айшықтайтын, таңбасы болып саналатын өздерінің тілі екені анық. Қастерлісі де, қасиеттісі де, құндылығы да сол. Тіл ұлттың жаны, тарихы, тәлім-тәрбиесінің негізі. Осыны ұмытпаған жөн. Расын айтқанда, «мемлекеттік тілдің мәртебесі» деген ұғымды әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Алайда кез келген елдің болашағы оның ана тілімен байланысты екенін естен …
Бүгінде ауданымызда үшауысымдылықты азайтып, сапалы мектептер саның көбейту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2023-2025 жылдар аралығында ауданымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланып отыр. Солардың бірі Қошмамбет ауылында салынады. Бұл жайлы аптаның алғашқы күні аудан әкімі Жасұлан Естеновтің ауыл тұрғындарымен өткен кездесу барысында айтылып, жиын аяқталғаннан кейін ол нысан салынатын аймақты көріп …
О деятельности недавно избранного акима Бесагашского сельского округа Ернара Жунусова знают сельчане не понаслышке, ибо сельский глава старается сделать жизнь бесагашцев кофмортной и преуспевающей. На должность акима округа Ернар Жунусов заступил совсем недавно, точнее два года назад, пройдя тернистый путь выборной гонки. Не думал и не гадал наш герой, что, будучи аграрником, уйдет в госслужбу …
Білімді ұрпақ – ел келешегі! Еліміздің ертеңі білімді жастардың қолында. Облыс орталығынан шалғай орналасқан Кеген ауданында соңғы 5 жылдың аумағында оннан асса мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл үлкен жақсылық. Мемлекеттің ауыл мектептеріне деген қолдауы мен қамқорлығы. Кеген ауданында өткен жылы Ж. Ермегияев атындағы және Қарабұлақ орта мектептері заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізілді. Жарқыра, жайнап, …
Өткен айдың ортасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы Жарлығына сәйкес Қонаев қаласындағы орталық коммуникация алаңында «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» көшпелі мәслихат өтті. Бұл жиында көшелі мәселелер көтеріліп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аталған тақырыпқа қатысты баяндама жасап, бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді. Олардың ішінде, әсіресе, облыс аумағындағы аса күрделі және күн тәртібінен …