Н. Әлімқұлов атындағы орта мектеп базасында математика пәні мұғалімдері арасында дәстүрлі «Нұрбатыр Орынбаев» олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған білім сайысы педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуына және пәндік білімдерін тереңдетуге бағытталды. Олимпиада барысында қатысушылар күрделі есептерді шешіп, логикалық ойлау қабілеттері мен әдістемелік біліктіліктерін көрсетті. Биылғы додаға жалпы саны 40 педагог қатысуға өтінім беріп, …
2026 жылдың 3 сәуірінде Қосынов орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) арасында Ұлттық мектеп лигасы аясында жеңіл атлетикадан аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Бұл жарысқа ауданымыздың 62 мектебінен оқушылар қатысуға ниет білдіріп, соның ішінде 5 мектептен барлығы 50 жас спортшы өз шеберліктерін көрсетті. Аудандық кезеңде жас спортшылар әрбір жарыс түрінде өзара бәсекеге …
Осыдан үш жыл бұрын Қаскелең қаласында Qazaq-British International School (QBIS) ашылған еді. Аталған білім ордасы Алматы облысындағы алғашқы «Cambridge International School» статусы бар мекеме болып табылады. Қазақ-Британ мектебі болғандықтан, мұнда оқушылар мемлекеттік және «Кембридж» бағдарламалары араласқан арнайы оқу жүйесімен білім алуда. Сондықтан да болар, жұмысын бастағанына үш жылдай ғана болғанымен, бүгінде ол оқудағы, шығармашылықтағы, спорттағы …
Жібек жолы ауылының тумалары, 1993 жылы туған егіздер Хожамуратова Айман мен Шолпан қазіргі таңда А. Байтұрсынов мектебінде ағылшын тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Олар оқушыларға білім беруде жанқиярлықпен еңбек етіп, әр баланың дамуына ерекше көңіл бөледі. Егіз мұғалім өз сөздерінде: “Білім мен тәрбие – бір-бірімен тығыз байланысты. Менің мақсатым – балаларға тек тіл үйретіп қана …
Байдаулетовтер отбасы – білім мен тәрбиеге адал, ұстаздық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан үлгілі отбасы. 77 жастағы Бекназарова Аршагүл Пірмағамбетқызы – отбасының ардагер ұстазы. Ұстаздық жолда 28 жыл үздіксіз еңбек етіп, әр баланың қабілетін дамытуға барынша үлес қосып келеді. Бүгінде отбасы бес ұл тәрбиелеп, ұлды ұяға қондырып, 21 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр. Әрбір …
И вновь белинцы порадовали своими добрыми начинаниями. На днях в Каскелене, в средней школе-гимназии имени В.Г. Белинского, состоялось сразу два важных события: открытие театра с репертуаром на английском языке и творческой мастерской мод Fashiоn fab lab. По словам её директора Турсын Сайбыровой, юные артисты будут готовить различные представления, а швеи и модельеры вместе с учителями …
Кейінгі бірнеше айдың ішінде Қарасай ауданында ауа-тамшылы жолмен өте жылдам тарайтын жұқпалы вирустық ауру болып табылатын қызылша індеті бойынша біраз өсім байқалып, алаңдаушылық туындауда. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Жансұлу Мақсатбайқызының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың ақпан айының 13-і күніне дейін осы дерт бойынша 191 жағдай тіркелген. Оның 40-қа жуығы – мектеп пен балабақшала жасындағы балалар. …
Қарасай ауданындағы білім саласында тағы бір жақсы өзгеріс орын алды. Анығырақ айтқанда, өткен жылдан бері аудан аумағындағы төрт орта білім беру мекемелерінде тегін стоматология кабинеттері ашылды. Соның арқасында оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ тіс дәрігерінің тексеруінен өту мүмкіндігіне ие болды. Мұндай бөлменің бірі Елтай ауылдық округіне қарасты Жармұхамбет ауылындағы №2 орта мектебінде орналасқан. Жұмысын үш ай …
SDU University сообщает о проведении республиканской олимпиады SDU Proficiency Test (SPT) для абитуриентов, которая состоится 1 марта 2026 года. SDU Proficiency Test (SPT) — это олимпиада республиканского уровня, предназначенная для выпускников школ и колледжей. Уже на протяжении 12 лет SDU University регулярно проводит данное интеллектуальное соревнование, поддерживая талантливую, целеустремлённую и стремящуюся к знаниям молодежь со …
SDU University 2026 жылдың 1 наурызында республика көлемінде талапкерлерге арналған SDU Proficiency Test (SPT) олимпиадасын өткізетінін хабарлайды. SDU Proficiency Test (SPT) – мектеп пен колледж түлектеріне арналған республикалық деңгейдегі олимпиада. SDU University бұл білім сайысын 12 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды, алғыр әрі білімге құштар жастарды қолдап келеді. Осы уақыт аралығында мыңдаған …









