Әр кезде де мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшінің еңбегіне тікелей байланысты. Осы ретте мемлекеттік қызметті тандаған адамның бойында аса жоғары жауапкершілік, отансүйгіштік қасиет пен елге деген жанашырлық, адамгершілік ұстанымы зор болуы тиіс. Сондықтан қызмет әдебіне жетік, саяси тұрғыда сауатты, саламатты өмір салтына берік, мәдени ұстанымы зор …
Ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округіндегі «Ushkonyr» спорт кешенінде Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерінің басын қосқан XV жазғы спартакиада өтті. Үш күнге жалғасқан жарыс 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған еді. Қоғам айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер арасында саламатты өмір салтын насихаттап, оларды спортқа баулу мақсатында өткен шараға арнайы қонақтар ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы …
Тәртіп сақшыларының қиын да қызықты қызметін абыроймен атқара білуі үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Иә, темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде полиция қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес. Ол үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, лезде …
Жігітке жеті өнер қашанда аздық еткен. Қазақ азаматтарының арасында дарынымен дараланатын, еңбегімен елдің есінде сақталатын жандар аз емес. Оның ішінде әдебиет, спорт, өнер дейтін салаларды санасында жаңғырта білген талант иесін көргенде таңғалмасқа тағы болмас. Бірақ біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің бүгінгі қызметтік жолы жоғарыда жіпке тізіп айтқан бағыттарға мүлдем қатысы жоқ. «Неге?» дейсіздер ғой! Ол …
Мемлекеттік қызмет – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіші. Бүгінде елімізде осы саланы таңдап, еңбек етіп жатқан мемлекет қызметкерлеріне моральдық-әдептілік бағыттағы қойылатын талап пен сенім жоғары. Сондықтан бұл мамандықты таңдаған азамат әрбір ісіне аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн-ақ. Сәл нәрседен мүлт кетсе, ол оның абыройы мен атқарған жұмысына сын болары анық. Осы орайда, ҚР Президентінің …
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығы бойынша қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру міндеттелген. Осыған байланысты аудан әкімі Танат Есенкелдіұлы Ақтас ауылындағы №36 орта мектепте Кеңдала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кеңдала ауылдық округінің әкімі Алмас Нұрдәулетұлының биылғы …
Жуырда Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оның жұмысын төраға Жанат Исағұлов жүргізді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Қазақтелекомның» аудандық желілік техникалық цехының атқарып жатқан жұмыстары туралы» оның басшысы Шаймұрат Әуелбеков есеп берді. – Уақыт талабына сай біздің жұмыста-рымызда да көп өзгеріс бар, – деп бастады өз сөзін Шаймұрат Болатұлы. – Негізгісі, әрине, жеке …
Алматы облысында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласы бойынша 400-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерлан Қадыров айтты. Ведомствоның бөлім басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Қазіргі таңда департамент тарапынан төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның біріншісі – қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау …
В этом году в Алматинской области к дисциплинарной ответственности привлечены 9 государственных служащих Об этом на сегодняшней пресс-конференции рассказала руководитель областного департамента по делам государственной службы Ляззат Бейсекулова. По данным Ляззата Бейсекуловой, с начала года в департамент поступило 86 жалоб. Из них 60 рассмотрено, а 26 направлено в соответствующие государственные органы. “Обычно направляются жалобы, не …
Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсекулова айтты. Ләззат Бейсекулованың мәліметінше, департаментке жыл басынан бері 86 шағым түскен. Оның ішінде 60-ы қаралған, ал 26-сы тиісті мемлекеттік органдарға жіберілген. “Әдетте департамент құзіретіне жатпайтын шағымдар жолданады. Бірақ тұрғындар біздің орган араласса, …