Тарихқа толы бұл өңір негізінен Қарабұлақ өңірі деп аталады. Осы аттас округ бар. Торайғыр, Өсербай, Үшкүл, Жаманбұлақ секілді қыстаулары, Екі аша, Қарақия, Көкжазық, Сарынауа секілді жайлаулары құт-берекесіне толы. Төрт түлік малға құт, жанға сондайлық жайлы мекен. Қарашоқы деп аталатын жерде таңбалы тастар бар. Дәл осы өңір аумағында 47 тарихи дүние, ескерткіштей тамашалар бар. Тасқа қашап, …
Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты Республикалық күйшілер байқауы өтеді. Айтулы шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілмек. Алғашқы рет ұйымдастырылған байқау 16 тамыз күні Қонаев қаласында өтеді. Аталмыш байқауға еліміздің Алматы,Астана қалаларынан,Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жетісу,Қарағанды,Алматы облысынан …
Бүгінгі заман – мыңды жығатын білімге сенетін кезең. Өйткені оқу-білім жүйесінің үнемі жаңаруы өркениеттің талабы. Ал сапалы білім жарқын болашақтың кепілі екені айтпасақ та түсінікті. Расын айтқанда, әр елдің даму сатысынан көрінуі ондағы халықтың білім мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан жетістікке жетелейтін білім саласына көңіл бөліну – заңдылық. Біздің елімізде жыл сайын бұл жүйеге тың өзгерістер …
Қашан көрсеңде табиғаты жайнап тұратын Шарын шатқалы туристерді таң қалдырудан әсте танбайды. Туған өлкеміздің теңдесі жоқ тамаша табиғатын көруге, қызықтауға, тамсануға, тамашалауға, сол арқылы бір демалып, бір жасап қайтуға болатын ғажайып өңірлеріміз туралы сыр шерткеннің артықтығы жоқ деп білем. Кезінде батыр бабаларымыз найзасының ұшымен, білегінің күшімен қорғап, ұрпақтарына аманаттап кеткен қастерлі де қасиетті топырағымыздың құндылықтарына …
Мынау зымыраған заманда кітапхана оқырманға кітап ұстатып, кітап қабылдап қана отыратын орын емес. Бағыты да, мақсаты да өзгерген. 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та кітапханашылардың жалақыларын көтеруді тапсырып, кітапхана қызметкерлеріне тың серпін берген. Қазіргі уақытта бұл салада не өзгерді, не істелді деген оймен Қарасай аудандық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеевадан ақпарат алған едік. Өткен ғасырда …
Мен – Үйсінмін қауға берсең қауға бер, Қан ағызып үйренгем жоқ жаулап ел. Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш, Бауырларым біздің асқар тауға кел, – деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев дүниеге келген қастерлі де қасиетті Нарынқол өңірінің бір перзентімін. Кеген мен Райымбек аудандарын тең көремін. Кереге таулы Кеген ауылынан үлкен өмірге қанаттандық. Туған …
Тіл – қарым-қатынас құралы, адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда елімізде тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Ал қазақ халқының тіл келешегі қазіргі …
Соңғы 32 жылда еліміз саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани жетістіктерге қол жеткізіп, бүгінде әлем танитын тәуелсіз мемлекетке айналды. Осы уақыттын ішінде еліміздің сыртқы саясаты ғана емес сондй-ақ ішкі саясатында көптеген жақсы өзгерістер орын алды. Әсіресе ана тіліміздің қолданыс аясы айтарлықтай кеңейді. Дегенмен еліміздегі кез келген аудиторияда қазақ тілінде сөйлеуді сәнді әрі беделді ету үшін әлі де көптеген …
Көне ескерткіштер – әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сондай-ақ сол елдің өткені мен бүгінін саралап, келешек ұрпаққа ата-бабаларының тұрмысы мен батырлығы жайлы ақпарат беретін құндылық. Алматы облысына қарасты Кеген ауданы – осындай көне жәдігерлерге толы өңірлердің бірі. Әсіресе, аудан көне үйсін тайпасының жәдігерлеріне бай, оның үстіне мұнда бүгінгі …
Жақында Жамбыл аудандық «Жастар орталығында» ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен жастар арасында «әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ауданның белсенді жастары қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Әке – ең құрметті ұлы есім. «Әке» деген сөзді айтқанда қамқоршың, тіреуің, қорғаның екенін сезесің. Әрине, отбасы үшін әкенің орны бөлек. Оның бала тәрбиесіндегі …