Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын қадірлі де, құдіретті. Ұлттың болмысын, ұлылығын, …
Жамбыл ауданындағы Халық ақыны Ү.Кәрібаев әдеби-мемориалды музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған шағын экспозициялық бұрыш бар. Онда солақай саясаттың кесірінен жазықсыз жазаланған ұлт зиялыларынан Ұзақбай Құлымбетов жайлы да біраз дерек келтірілген. Осы орайда мұражайға келушілерден Ұзақбай Құлымбетов пен Үмбетәлі ақынның арасында қандай байланыс болған деген сұрақ жиі туындайды. Біз мұны Үмбетәлінің жиен немересі, әрі аталған музейдің …
Жамбыл ауданында Атамқұл батырдың 200 жылдығы аталып өтті. Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақ тарихындағы батырлар институты және Әуез Атамқұл батыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда еліне қорған болған бірегей тұлғаның ерлік жолы жан-жақты тарқатылды. Елі мен жерін сырттан шапқан жаудан қорғауда қасық қаны қалғанша арыстанша айқасып өткен ерлер қазақта аз болмаған. Олардың ерлігі тарихқа тағылым, ұрпаққа өнеге. …
Ұзынағаш ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Қарасай батырдың 425 жылдығы аталып өтті. Мерекелік шара сонымен қатар тамыры – терең, өмірі – өлең ырысты мекен, ақындар мен батырлар елі атанған Жамбыл ауданының 95 жылдығына арналды. Аудан орталығындағы батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді. Көрермен назарына алдымен «Қарасай» спектаклінен үзінді ұсынылды. Қойылымда халқына қорған болып, қартайғанша …
Иә, мынау бір қонақ болып қана келер жарық дүниеде туған жеріңе, өскен ортаңа жетер, тең келер ештеңе жоқ! Саф ауасымен демалып, мөлдір бұлағынан дәм татып, жасыл құрағына аунап өскен қастерлі топырақ қашан да жанарыңда, үліпіл қаққан жүрегіңнің төрінде мөлдіреп қана тұрады. Оған бар жаныңмен елжіреп қана көзіңді алмай қарай бергің келеді, қарай бергің келеді. Біздің …
Асқар тау әкелер Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң. Мейірім,нұры менен жаратылған, Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған, Менің әкем, мен үшін, дара туған. Әке сенің жүзіңнен қуат алам. Жанарыңның жылуы шуақтанған, Өзің барда,, ғажайып көрінеді, Шынайы боп, көзіме мына ғалам, – деп ақын жырлағандай, мынау бір қонақ өткінші өмірде әкелердің орны бөлек. Заманның тыныштығын, ұрпағының …
Алаш арыстарының идеяларын мектеп форматына трансформациялау мақсатында Қаскелең қаласындағы В.Белинский атындағы орта мектепте «Жаңа қазақ зиялылары: ар-намыс, ұлттық мүдде, талап, еңбек, терең ой» атты облыстық форум өтті. Тың идеялар ортаға салынған бұл бастама аудандық білім бөлімі мен «Ұлттық құндылықтар академиясының» арасында жасалған меморандумның іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асты. Аталған білім ошағы ұжымының ұтымды ұйымдастырған шарасына …
Облыстық ардагерлер кеңесі аймағымыздағы ұлттық мүддені қалыптастыру мен саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуде зор үлес қосуда. Аймақта ардагерлер ұйымының беделін көтеруде қазыналы қариялардың белсенділігінің алатын орны ерекше екені белгілі. Осыдан бір апта бұрын Алматы облыстық және Қарасай аудандық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен «Атадан қалған асыл …
Осыдан 33 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап бүкіл әлем баға жетпес мәдени мұрасы, бай дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы кең және болашағы жарқын жас республика туралы білді. Отыз жылдан астам уақыт ішінде еліміз өз дамуында бұрын-соңды болмаған биіктерге жетіп, …
Ұлттың бірлігін бекемдейтін, ырысты ынтымағын жарастыратын елдіктің мейрамы болып саналатын бүгінгі Республика күнінің маңызы қашанда айрықша. Айтулы күн ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтыр ұлттық мерекелердің қатарына қосылған еді. 13 жылдан кейін мемлекеттің мерейін үстем етіп, қайта тойланып жатқан республика күнінің астарында үлкен мән-мағына, таңбаланған тарих жатыр. Дерекке сүйенсек, 1990 жылы 25 қазан күні …