Алматы облысындағы «Қазыбек бек» индустриялық аймағында Asia United Steel болат өндіру желісінің құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің жаңа өнеркәсіптік алыптарының бірі ретінде бағаланып отыр. Зауыт шамамен 600 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр, үш кезеңде жүзеге асырылады, жылына 1,2 млн тонна болат өндіреді және еліміздің оңтүстігіндегі ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың біріне айналмақ. Алпауыт нысанның алғашқы іргетасын …
Елтай ауылдық округінде ауқымды инфрақұрылымдық жоба – Burunday Container Terminal (BCT) көпфункцияналды контейнерлік терминалы өз жұмысын бастады. Жаңа логистикалық орталық – тек инфрақұрылымдық нысан емес, сондай-ақ бизнеске, саудаға және әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашатын бастама. Теміржол желісі мен үлкен Алматы айналма автокөлік жолына (ҮАААЖ) ыңғайлы қол жетімділігі бар контейнерлік терминал Қытайдан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден …


