Объявленный Президентом страны Касым-Жомартом Токаевым Год волонтеров побуждает многих казахстанцев к свершению добрых дел. К примеру, в Каскелене четверо инспекторов службы пробации Карасайского района Департамента уголовно-исполнительной системы по Алматинской области откликнулись на просьбу медицинских сотрудников и сдали кровь. Среди них Алмаз Калымбетов, Сабира Мынбаева, Ернар Маханов и Еркебулан Нурбаев. Всем им чуть больше 30-ти лет. …
Қан майданда жауға қасқая қарсы тұрған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Жас ұрпақ қазыналы қарттарға бейбіт заман үшін әрдайым қарыздар. Бүгінгі таңда ауданымызда бар-жоғы сегіз ардагеріміз ғана қалды. Олардың көпшілігі өздігінен қозғала алмайтын жасқа келгендер. Біз, жас ұрпақ, көнекөз қарияларымызды атаулы мейрамдарда құттықтап қана қоймай, үнемі оларға құрмет көрсету басты …
Волонтер жылының аясында қарасайлық еріктілердің бірқатары «Біз біргеміз!» атты ұранды жауапкершілік ретінде сезініп, бүгінгі күнге дейін бірнеше іс-шараларда жан-жақтылықтарын танытып келеді. Осы аптаның сейсенбісінде осындай елеулі істің жалғасы ретінде ауданымызға қарасты қала және ауылдық окугтердегі Мәдениет үйінің алды қардан тазаланды. Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған белсенді іс-шараға Қаскелең қаласындағы «Аяжан», «Нұр-Жәрдем» медициналық колледждерінің студенттері мен …
Ауданда Волонтер жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті 2019 жылдың соңғы айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу рәсіміне қатысып, «2020 жыл – Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Ел Президентінің игілікті идеясын жетісулық жастар да қолдап, өткен айда республика бойынша алғашқылардың бірі болып салтанатты шара ұйымдастырған еді. Мұны қарасайлық жастар да ыстық ықыласпен қабыл алып, …
Еріктілер жылының аясында ауданымыз бойынша игі істердің реті қолға алынып, жастардың белсенділігімен бірқатар бастамалар өз деңгейінде басталып кетті. Бұрын мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен Волонтер жылының аясында еріктілердің атқаратын жұмысына байланысты жеті бағытты қамтитын іс-шаралардың жоспары бекітілген болатын. Атап айтқанда, балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді қамқорлыққа алу, науқастарды қарауға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, өзендер …
Әсілінде, әлем жүгін әдемілік емес, ар мен ұят, ілтипаттылық пен ізгілік арқалап тұрса керек-ті. Сол қасиет біздің ұлтымызға сүтпен бірге сүйекке сіңіп, мейірімділік мерейімізді үстем еткен елден екенімізді ұғындырады. Ұлттық кодтың ұлылығы да осында! Жадымыз жаңғырып, Жастар жылы жағымды жаңалықпен жалғасын тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады. Осы ретте біз …
Еліміз бойынша Алматы облысының жастары Волонтер жылын алғашқылардың бірі болып атап өтіп, ерікті белсенділер тағы бір бастамаға қадам басты. Осы аптаның алғашқы күні Талдықорған қаласында Волонтер жылына орай ерікті жастардың алғашқы форумы ұйымдастырылған болатын. Салтанатты шараның аясында алдымен Жастарға қызмет көрсету орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева ерікті жастармен кездесіп, олардың ерекше идеяға толы …