Коронавирус пандемиясына байланысты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ағымдағы жылдың 20 наурызында «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылған болатын. Бұл жайында өздеріңіз БАҚ арқылы естіп те, оқып та жатырсыздар деп ойлаймын. Аталған қорда жиналған қаражаттың есебінен халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын жандарға 50 мың теңгеден көмек берілу жағы да қарастырылған. Алайда, бұл қаржылай қолдау …
Қазіргі қиын кезең оны бастан кешіп жатқан халыққа, әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға ауыр соғып отырғаны рас. Алайда, соған қарамастан ешқашан мойымауымыз керек! Жуырда Бірінші Май ауылдық округінде, «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы» жобалары аясында, «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оның аясында округ еріктілері кәсіпкерлердің демеушілігімен жалғыз басты қарттарға, әлеуметтік …
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қарасайлық еріктілер белсенділік танытып, барынша жан-жақты қол ұшын созуда. «Biz birgemiz» акциясы үнемі жалғасын табуда. Мәселен, Көксай ауылындағы «Сәтті» супермаркетінің демеушілігімен азық-түлік себеттері таратылды. Қазіргі қысылтаяң кезең кімге де болсын оңайға тиіп жатқан жоқ. Әсіресе, уақытша табыс көзінен айырылған отбасылар үшін ауырлық туғызғаны сөзсіз. Бұл жағдайды ескерген Елбасы өз үндеуінде …
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Бұл вирусты жұқтырғандар біздің ауданда да тіркелді. Оның екеуі Алматы қаласымен іргелес жатқан «Асыл Арман» атты тұрғын үй кешенінің тұрғындары. Бұл аймақта қауіпті дерттің анықталуына байланысты, аталған аумақ 14 күнге карантинге жабылды. Қозғалысты толықтай шектеу 20 мыңнан аса тұрғыны бар асыл-армандықтар үшін оңай тиіп жатқан жоқ. Осындай …
Карантин уақытында Алматының барлық өзге аймақтармен шектесетін шекаралары жабылып, 27 блокпост қойылды. Олардың сегізі Қарасай ауданында орналасқан. Санитарлық бекеттерде полиция мен санэпидемия саласының мамандары, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер демалыссыз кезекшілік етуде. Дәл осындай сын сағаттарында тұрғындардың денсаулығын ойлап, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген олардың еңбегі ерекше. Жуырда осы жауапты жұмыстарды бағалаған аудандық Жастар ресуртық орталығы …
Өздеріңіз білетіндей, әлемді әуреге салған індет біздің елге де жетіп, оның саны күн өткен сайын артып келеді. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, вирустан қорғану кезінде медициналық масканың қажеттілігі қатты білінеді. «Біз біргеміз» волонтерлердің ұранын ұстанған қаскелеңдік Мадина Кішкентаева да ерікті жан ретінде өз үлесін қосуда. Биыл онлайн тігіншілік курсын бітірген соң, қазір барлық тапсырыстарды ысырып қойып, …
2019 жылдың мамыр айында Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумында алдағы жылды «Еріктілер қозғалысын қолдау жылы» деп жариялауға ұсыныс жасалған болатын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп бекітті. Волонтер – жүрегі жұмсақ, қолы қайырымды, жанашыр адам. Ең бастысы өз еркімен, жүрек қалауымен риясыз қамқорлық көрсетіп, көмек жасауға ұмтылады. Сол …
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Отан алдындағы ерліктерін бүгінгі ұрпақ еш ұмытқан емес. Өкінішке орай майдангерлердің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Ортамызда жүрген санаулы қарттардың қадірін біліп, көзі тірісінде құрмет көрсету қай-қайсымыздың болсын адамдық парызымыз деп білеміз. Осындай ардақты ардагерлердің бірқатары біздің ауданымызда да бар. Солардың бірі – Жандосов ауылының тұрғыны Шәріпбай Уранбеков. Осы аптада …
«Қуантсаң баланы қуант» демекші, оларға көрсетілген ілтипат әрдайым естерінде қалады. Осы ретте Қаскелең қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған қосалқы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін эстрада әншісі Нұрбол Құрманның концерті болды. Волонтерлер жылы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараның мақсаты анық: аталған интернатта оқитын ерекше балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, мейірімділік, қайырымдылық пен қамқорлық …
Еріктілер бастаған «Біз біргеміз!» акциясы көптеген қазақстандықтың жүрегіне мейірім ұялатып, талай жанға қол ұшын созуға шақырды. Ел болып қолдаған акция біздің де ауданымызда өз жалғасын табуда. Нақтырақ айтқанда, өткен аптаның жұмасы күні ауданымыздың Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, жастар ресурстық орталығының ұжымы мен аудан еріктілері атсалысып, «Көмек қолы» акциясын өткізіп, тұрғындардың мұржалары мен аулаларын тазалау мақсатында …