Ауданымыз бен алып мегаполис Алматының шекарасында орналасқан әйгілі «Апорт» моллы жұртшылықты тағы да теңдесі жоқ жобаларымен, тың жаңашылдығымен қуантып отыр. Жақында ғана, яғни, Балаларды қорғау күні мұнда «Мiami Aquapark» аквабағы мен«Funky World» ойын-сауық бағы ашылды. Енді моллдың жалпы ауданы 210 000 шаршы метрден асады. Іргелі округінде айтарлықтай үлкен аумақты алып тұрған кешеннің Алматы облысы мен …
Ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген жандардың қашанда орны бөлек. Оларға ерекше құрмет көрсету мақсатында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, үлкен мереке ұйымдастырылады. Осы кезде әр аудандағы бұл салада атқарылған бір жылдық жұмыстарға баға беріліп, он екі ай көлеміндегі ерен еңбек сараланады. Бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тауып, Талдықорған қаласындағы Салтанат …
Өнер – өзгеше әлем. Сырт көзге әдемілігін, әсемдігін ғана көрсеткенімен, оның шынайы шыңына жету жолы, әрине, оңай емес. Себебі, сахна – киелі орын. Ол жасандылықты, жалғандықты, жалқаулықты көтермейді. Сондықтан да, бойындағы дарынын дамытып, өнер әлемінде өрісін кеңге жайғысы келетін адам ұдайы еңбек үстінде болғаны абзал. Міне, биыл кәсіби мерекесі қарсаңында жылдың «Үздік мәдениет қызметкері» атағын …
Жақында Талдықорған қаласында ІІ Алматы облысы ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында әрі Астананың 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты – денсаулықты нығайту және ауылдық жердегі жасөспірімдерге дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасау, ауылдағы спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, ауылда денешынықтыру-бұқаралық спорт жұмысын ұйымдастырудың …
Осы аптаның сәрсенбісінде, балаларды қорғау күніне орай, ауданымыздағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға арналған «RAKHYM» қайырымдылық қоры мерекелік шара өткізді. Бұл орталық ауыр тағдырларын арқалап келген балалардың денсаулығын педогогикалық-психологиялық түрде қолдауға бағытталған. Алатаудың баурайында орналасқан орталықтың таңғажайып көрінісі кіргеннен-ақ көңілге жылу ұялатады. Ауа райы да бұл күні шуағын шашып, нұрын төгіп тұрғандай болды. …
Ауданымыздағы Сулейман Демирел университетінің стартаперлері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылай қолдауымен алғашқы отандық азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мобильді қосымша ойлап тапты. «JobBer» деп аталатын бұл бастама жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, яғни, тапсырыс берушілердің (жұмыс берушілердің) және жұмыс іздеген адамдардың (жұмысшылардың) өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Бұл мобильді қосымшаның идеясы жоба …
Республикамыз бойынша әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» сайысына біздің ауданнан екі отбасы іріктеліп, облысқа жолдама алған болатын. Кеше Талдықорған қаласында бұл байқау өз мәресіне жетіп, ауданымыздың намысын қорғаған Бекдайыр мен Байтөлековтар отбасы жақсы нәтижемен оралды. Атап айтсақ, Бекдайыр отбасы үздіктердің қатарына шығып, оларды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар үшінші орынның жүлдесімен (суретте) марапаттады! Ал, Байтөлековтар …
Жақында, «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ филиалы «Алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының ұйымдастыруымен, «Жылдың үздік педагог-психологы – 2018» облыстық байқауы жоғарыда аталған мекеменің мәжіліс залында өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша алдын ала әр ауданның қатысушы педагог-психологтарының ұсынысы, портфолиосы мен авторлық бағдарламалары жинап …
«2020 жылдарға қарай елде балабақшамен қамтылмаған бірде бір бала болмауы тиіс» деп Елбасымыз айтқандай, республикада балабақшалар мен шағын орталықтардың саны көбеюде. Жуырда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қаратөбе ауылындағы Б.Тамабаев атындағы орта мектепте «Айгөлек» шағын орталығы пайдалануға берілді. Жаңа шағын орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Елтай ауылдық округінің әкімі Бақыт Жұманбаева, аймақтағы мектеп директорлары, ауыл ақсақалдары …
Как мы уже писали, расположенное в городе Каскелене ТОО «CES for You» по итогам 2017 года было признано лучшим образовательным учреждением Казахстана. В результате в Астане во время 42-ой церемонии награждения наиболее успешных бизнесменов его директору Айгуль Танирбергеновой были вручены орден «Профессионал года» и Национальный сертификат. А на днях в Каскелене, в стенах университета имени …