Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтіп, осыған орай арнайы кітаптардың тұсауы кесілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға сол тұстағы солақай саясаттың құрбанына айналған тұлғалардың ұрпақтары қатысты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу орталығының …
Бір шаңырақта орныққан ынтымақты, бірлікті, сыйластықты дәріптейтін жас отбасылардың байқауы біздің ауданымызда жыл сайын дәстүрінен жаңылмай ұйымдастырылып келеді. Биыл да жалғасын тапқан бұл іс-шара осы аптада Қаскелең мәдениет колледжінде өтті. «Үлгілі отбасы» деп аталған байқауға Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы қолдау білдіріп, демеушілік етсе, оның лайықты деңгейде өтуіне аталмыш орталықтың аудандық филиалы ықпал етті. Аудан …
Қонаев қаласында триатлоннан Қазақстан чемпионаты және әуесқой спортшылар арасында «Темір Адам Кубогы» өтті. Чемпионат «спринт» қашықтығы бойынша, «Elite» (23 жастан жоғары) және «U19» (16-19 жас аралығында) санаттары бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа 250 атлет қатысты. Бұл додада спортшылар 3 кезеңде бақ сынасты. Алдымен олар Қапшағай су қоймасында 750 метр қашықтықты жүзіп өтсе, кейіннен 20 шақырымдық веложарыс өтті. …
Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 20 мың оқушыға арналған 10 мектеп салынады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты. Брифингте баяндама жасаған әкім қазіргі таңда үш ауысымды мектептер аудандағы білім саласында ең өзекті мәселелердің бірі екенін, бүгінде оқушылар үш ауысымда оқитын мектептер саны 12-ден 11-ге …
Бұл шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне Алматы облыстық Қоғамдық даму орталығы мұрындық болды. “Біздің мақсат – қазақтың ұлттық киімдерінің дәріптелуіне үлес қосу. Тек мерекелерде ғана емес, күнделікті қолданысқа әдемі нақыштағы киім үлгілерін енгізуді барлығымыз мақсат етуіміз қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер классикалық үлгідегі киімдерді киеді. Сол костюм, белдемшелерге кішігірім өзгеріс енгізіп, ою-өрнектерді неге …
Шүкір, кереге таулы Кеген өңірінде «Мен кіммен мақтана аламын» дейтіндей немесе «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп атап айтып, көрсететіндей бойына өнер тұнған жандар жетіп-артылады. Бұл – қызырлы өлке, киелі мекеннің тұнық ауасы, мөлдір бұлағы, ғажайып табиғат әлемінің шапағаты. Сондай жандардың бірі – Ақсай ауылында тұратын ұлағатты ұстаз, дизайнер, тігінші, он саусағы өнеріне толы ісмер …
Жазғы маусымда облыс тұрғындары жиналатын дәстүрлі орын – Қапшағай су қоймасы. Дегенмен, келушілердің барлығы дерлік жағалауда орналасқан демалыс орындарын таңдай бермейді. Көбісі, әсіресе жергілікті халық қала жағажайында серуендегенді ұнатады. Шындығында, қала ішінде де бірнеше жағажай орналасқан. Алда оларды бірыңғай стиль мен ортақ сызыққа біріктіру жоспарланып отыр. Алда 5 учаскеге жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жағажай аймағын …
Жиында Мемлекеттік комиссияның зерттеу, баспа және архив жұмыстарының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Іс-шарада 2023 жылы саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті материалдар мен құжаттар жинағын жарыққа шығару жоспарланғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 1920-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырды. Бұдан бөлек, …
До окончания учебного года осталось несколько дней. В этом году в Алматинской области более 12 тысяч выпускников. Из них 696 претендуют на знак отличия Алтын белгі, 1419-на аттестат с отличием. Итоговые выпускные экзамены учащихся проводятся со 2 по 13 июня. Об этом на пресс-конференции сообщила руководитель областного управления образования Салтанат Беспаева. -В этом году 10 …
Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Алматы облысында 12 мыңнан астам түлек мектеп қабырғасынан қанат қағады. Оның ішінде 696-ы Алтын белгіге, 1419-ы үздік аттестатқа үміткер. Оқушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысы Салтанат Беспаева мәлімдеді. -Биыл 10 607 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Облыста …