Алматы облысында 2315 кәсіпкердің құқықтары қорғалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаментінің басшысы Серік Орымбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің ақпараты бойынша, Агенттік жыл басынан бері “Атамекен” ҰКП-мен бірлесіп кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешуде және әкімшілік кедергілерді жоюда практикалық көмек көрсетуге бағытталған “Бизнес жол” жобасын іске асыруда. Бүгінгі таңда Алматы …
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 10 жылдығына орай конкурсқа қатысуға өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылғандығын хабарлайды.
Құрметті қауым! Сөз басында бірден атап өтейін, меніңше, Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған. Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. Абай облысында алапат өрт шығып, азаматтарымыз қаза тапты. Тағы да …
Известно, что Кегенский район богат старинными, сокрытыми под землей артефактами древнего племени уйсунов. Спустя столетия археологи и случайные свидетели находят следы, ведущие к разгадке тайн многовековой истории. Немало музейных экспонатов было найдено в окрестностях села Алгабас, а также в горах Карашокы и Торайгыр, где можно встретить сохранившиеся до наших дней петроглифы и балбал тас. Распознать …
Ара балының мың сан ауруға ем болатын қасиеті бар екені көпшілікке таныс. Тіпті, бала күнімізде ара шағып алса, аталарымыз «шаққанының өзі шипа, енді қыста ауырмайсың» деп жұбататын. Табиғатынан ерекше жаратылған араның қызыққан жанды өзіне баурап әкетер қасиеті өз алдына бір ғылым дерсің. Ал, оны өсіріп, баптап, балын алсаң, толағай табысқа кенелерің хақ. Қыры мен сыры …
Аким Алматинской области Марат Султангазиев на брифинге отметил, что сфера туризма является еще одним приоритетным направлением развития. В рамках осуществления плана регион ставит следующую цель – создание благоприятных условий для развития туризма, увеличение числа внутренних и въездных туристов, а также повышение роста объема инвестиций в данную отрасль. Алматинский регион является финансовым, культурным, туристическим, образовательным центром …
Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұрпақтың парызы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп бекер пайымдамаған. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген мақалдардың айтары көп, сыры басым. Осы тұрғыда өсіп-өнген, бірнеше ауылға жеткен Аламан Мәмбетұлы бидің тарихынан сөз қозғамақпыз. Алжанның бір баласы Аламан деп аталады. Аламан би болған әрі ауқатты кісі екен. Соның бір …
Қыс Қарқараны көктемнен қызғанғандай, енді қар еріп, көктемнің лебі сезіле бастағанда, қайта жапалақтап қар жауып, айналаны мамық көрпеге орайды. Ал Қарқараны қоршаған тауларға көз жүгіртсең, іштей, «көктем қашан шығады!?» – деп, аңсайсың… Мыңжылқының басынан маужыраған тамыз айында да қар кетпеген ғой, шіркін! Алланың құдіреті емес пе?! Жетісудің төрі қандай керемет табиғатқа ие. Көрсе көз сүрінеді! …
Біздің елімізде мемлекеттік органдардан тәуелсіз болып саналатын бірлестіктердің саны аз емес. Қай-қайсын алып қарасақ та, әйтеуір, әрбірінің өз мақсаттары бар. Межелі міндеттері айқындалған мұндай мекемелердің қатарында ұстаздар қауымына атауы таңсық емес «кәсіподақ» деп аталатын ұйымды айтуға болады. Оның негізгі қызметінің мәні – аталған бірлестік мүшелерінің атынан өкілдік ету, олардың кәсіби мүддесі мен әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтарын …
Мемлекеттік Рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, тәуелсіздігін, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін құнды белгілері болып саналады. Биыл Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай өткен аптаның жексенбісінде аудан көлемінде «Мемлекеттік Рәміздер – Ұлттық мақтанышым» атты ауқымды патриоттық іс-шара өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров бастаған ауданымыздың әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің ұжымдары, спортшылар, …