Мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ үлкен бір белес болып көрінеді. Себебі тардай болып кірген мектептерінен таудай болып шығатыны бір бөлек, ата-аналарының, ұстаздарының үмітін арқалап шығатыны тағы бөлек әңгіме. Мұғалімдерінің берген білімдерін төрт сағаттық тестілеуде не жоғары дәрежеге көтеріп ақтап шығады, не болмаса бір сәтте жерге тастайды. Иә, дәл осылай сипатталатын ҰБТ – үлкен жауапкершілік. Алайда бұл өмірдің соңы емес. Сондықтан да тестілеу нәтижесі болашақтағы өмірлеріне әсер еткенімен, оларға берілетін екінші мүмкіндік әрдайым бар екенін естен шығармау керек.
Қарасай аудандық білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, биылғы жалпы мектеп бірітуші түлектердің саны – 2724. Соның ішінде 2393-і ҰБТ-ға қатысып жатыр. Аталған орталықтың берген ақпараты бойынша қазіргі уақытта алты оқушы 120 баллдан, 8 оқушы 125 баллдан жоғары жинаған. Ал ҰБТ тапсырушы түлектердің ішінде төрт оқушы 130 баллдан жоғары көрсеткішке ие болған. Бұл да болса жақсы нәтиже.
Айта кетейік, ҰБТ аяқталған жоқ, оқушылар әлі де тест тапсырып жатыр. Ал біз беріп отырған ақпараттар – дәл қазіргі тестті аяқтап шыққан оқушылардың ғана нәтижесі. ҰБТ тапсыру 4 шілдеге дейін жалғасады.
Сонымен қатыр, ҰБТ-ға қатыспай-ақ та грант иегері атанған оқушыларымыз да бар. Яғни, түрлі білім беру мекемелері балаларды ынталандыру үшін әр бағытта байқаулар өткізген. Көбінесе 11 сынып араларында болатын бұл бақталас біраз түлектің оң жамбасына келді десек те болады. Атап айтқанда, Алматы қаласын Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен өткен байкауда Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Әбубәкір Жұмақан қатысып, ректор грантымен марапатталды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің оқушылары Ұлдана Рысбек пен Аяжан Оразалы «Білім шыңы» олимпиадасынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне грант жеңіп алған. Ал Гүлназ Ришат Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне жолдама алса, Мерей Бақытжан бірнеше гранттың иегері атанған. Абай ауылындағы орта мектептің Алихан Қалдыбай Атырау университетіне бір жылдық грант ұтып алды. Мұнымен қоса, алтын белгіге үміткер 11 «в» сынып оқушысы Айсере Мусахан Чехия елінің Карлов университетінің екі факультетіне, Гүлнұр Жұмабева Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне, Дильназ Бисенбаева Л.Б.Гончаров атындагы Казак автомобиль-жол институтына грант жеңіп алды.
Қазіргі таңда ҰБТ тапсырған түлектердің нәтижесі мен мектеп қабырғасында жүріп-ақ грант ұтып алған оқушылардың бағыты осындай. Қалған оқушыларға сәттілік тілейміз, ата-аналары мен ардақты ұстаздарының үмітін ақтап шығады деген сенімдеміз.
Шұғыла ТЫНЫС.