1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы аясында тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған жеке дара бастамалар (ерікті миссия) мен волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізу тәртібін анықтайды (Әрі қарай – Байқау).
Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 68 жеңімпаз анықталады.
1.2. Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Тарихи-мәдени нысандарды сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру» гранты аясында өткізіледі.
1.3. Ережеде келеcі түсініктеме аппараты қолданылады:
Ұйымдастырушы – байқаудың ұйымдастыру сұрақтарымен айналысатын үкіметтік емес ұйым;
Өтінім беруші – байқауға қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, бастамашыл тобы, үкіметтік емес ұйымы;
Грант беруші – байқау ұйымдастырушысы;
Грант алушы – грант иеленген байқаудың жеңімпазы.
2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Байқау мақсаты:
Тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту.
2.2. Байқау міндеттері:
− осы саладағы волонтерлікті халық арасында насихаттау;
− тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы халықтың
бастамаларын қолдау;
− халықтың әлеуметтік жобалар саласындағы кәсіби және тұлғалық
дамуына үлес қосу.
3. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1. Шағын гранттар байқауына қатысуға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарына рұқсат етіледі.
3.2. Барлық өтініш берушілер Qazvolunteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс.
3.3. Өтініш жекелей берілген жағдайда, өтініш берушінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс.
3.4. Бастамашыл топтың атынан өтініш берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелеріне қойылатын талаптар – жасы 14 жастан жоғары. Байқауға қатысуға өтінішті тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсетіп тапсыруы тиіс. Qazvolunteer.kz платформасында бастамашыл топтың барлығы тіркеуден өтуі
тиіс.
3.5. Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі шарттарға сай болуы тиіс:
– салықтық және басқа қарыздардың жоқ болуы;
– банк есепшотының болуы;
– ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтындағы жосықсыз қызмет көрсетушілер тізілімінде болмауы тиіс;
– ұйым ҮЕҰ деректер базасында болуы тиіс.
3.6. Өтінімдерді қарастыру барысында волонтерлік саласындағы бағдарламаларды/жобаларды жүзеге асыруда тәжірбиесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі. Волонтерлік тәжірбиені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар қосымша артықшылық болып есептеледі.
4. ЖОБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1. Жобалар волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтерлар жылын өткізу концепциясына
сай болуы тиіс.
4.2. Жобалар тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған азаматтардың жеке дара бастамалары (ерікті миссия) мен волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған болуы тиіс. Тапсырылатын бастама тарихи-мәдени мұраны сақтау, тарихи, мәдени ескерткіштерді және мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларға волонтерлерді
тартумен, Қазақстан Республикасының азаматтарын волонтерлік қызметке белсене қатысуға ынталандырумен айналысу және «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасының бағыттарына сай болуы тиіс.
4.3. Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
– археологиялық іздеу жұмыстарын жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;
– ғылыми қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізубойынша волонтерлік жобалар;
– тарихи-мәдени нысандарда мониторинг жүргізу бойынша волонтерлік жобалар;
– тарихи-мәдени орындарға волонтер-гидтер дайындау бойынша волонтерлік жобалар;
– тарихи-мәдени орындарды насихаттауға волонтерлерді тарту;
– материалды емес мәдени мұраны сақтау бойынша жобаларға волонтерлерді тарту;
– 4.1. бапқа сай келетін басқа бағыттар.
4.4. Жоба келісімшартқа қол қойылғаннан бастап 5 ай көлемінде (маусым-қыркүйек) жүзеге асырылуы тиіс.
4.5. Байқау комиссиясының қаралымында жүйелі, жүзеге асып жатқан, аймақтағы жағдайды түбегейлі өзгертетін жобалар артықшылыққа ие болады.
4.6. Жоба аясындағы шығындар еңбекақы, офистің қамтылуы секілді және басқа да әкімшілік шығындарға емес, волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған әр түрлі шығындарға (жабдықтау, құрал-сайман, құрылғы және т.б.) бағытталуы тиіс.
4.7. Жоба өтінім формасына (Қосымша №1) толықтай сай рәсімделуі тиіс.
5. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ
5.1. Байқау 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.
5.2. Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау:
5.2.1. Байқауға қатысу үшін Жобалық өтінімдерді Ереженің Қосымша №1 сай рәсімделіп, .pdf форматында 2020 жылдың 23 мамырының Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00 дейін birgemizasylmura@gmail.com электронды почтасына жіберу қажет.
5.2.2. Жобаның мәнін ашатын презентация немесе бейнеролик болған жағдайда, оны өтініммен бірге электронды почтаға жіберу қажет.
5.2.3. Қажет болған жағдайда, Ұйымдастырушылар Өтінім берушіден Байқауға қатысты қосымша ақпарат сұрату құқығын қалдырады.
5.2.4. Байқауға қатысуға өтінім Қатысушының осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға келісімін білдіреді.
5.2.5. Байқауға қатысу өтінім беруші тарапынан ақысыз түрде жүзеге асады.
5.2.6. Байқау Қатысушысы өзінің өтінімін өтінім қабылдау уақыты аяқталғанға дейін қайтып алуға құқылы.
5.2.7. Көрсетілген уақыттан кеш тапсырылған Өтінімдер қарастырылмайды.
5.3. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.
5.4. Грант иегерлерін іріктеу 2020 жылдың 30 мамырына дейін жүргізіледі.
5.5. Іріктеудің аяқталуы туралы хабарландыру ұйымдастырушылардың ресми сайтында www.zhasulan.kz, www.qazvolunteer.kz порталында, сонымен қатар жобаның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады:
Instagram: @jasulan_qz, @birgemiz_asyl_mura
Facebook: Birgemiz: Asyl mura
Telegram: Birgemiz: Asyl mura
6. ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ
6.1. Байқау комиссиясы «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы бұйрығы негізінде кемінде үш адамнан құрылады. Байқау комиссиясының құрамына келісім бойынша волонтерлік саласындағы сарапшылар, бренд-амбассадор, экология саласындағы сарапшылар, волонтер жылының фронт-офисінің өкілдері, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері
шақырылатын болады.
6.2. Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және шарттарына сәйкес грант алушыны таңдау жөнінде бейтарап шешім шығаруға міндеттеледі.
6.3. Байқау комиссиясының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Байқау комиссиясының шешімі соңғы шешім болып табылады және өзгертуге немесе шағымдануға жатпайды.
7. БАҒАЛАУ ШАРТТАРЫ
7.1. Байқау комиссиясы жобаларды келесі бағалау шарттарына сәйкес іріктейді:
7.2. Бағалаудың әрбір шарты бес ұпайлық шкала бойынша бағаланады (0-ден 5 ұпайға дейін)).
7.3. Жобаларды бағалау формасына сәйкес (Қосымша 2) әрбір комиссия мүшесі дербес түрде қарастырады. Әрбір жобалық өтінім бойынша байқау комиссиясы мүшесінің қорытынды ұпайы келесі формула бойынша есептеледі:
Қорытынды ұпай = (a * 0,3) + (b * 0,3) + (c * 0,2) + (d * 0,1) + (f * 0,1), бұл жерде
a – «Халықтың волонтерлік қызметке тартылуы» шарты бойынша ұпай;
b –«Мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне сәйкестігі және өңірдің міндеттерін шешу тиімділігі» шарты бойынша ұпай;
c – «Жобаның болашақтағы жүйелілігі мен өміршеңдігі» шарты бойынша ұпай ;
d – «Жобаны орындау жоспарының нақтылығы мен ұтымдылығы» шарты бойынша ұпай ;
f – «Бюджеттің орындылығы мен негізділігі» өлшемшарты бойынша ұпай.
7.4. Жобаның жалпы ұпайы байқау комиссиясының барлық мүшелері ұсынған қорытынды ұпайлардың орташа арифметикалық сомасы болып табылады.
7.5. Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары ең жоғары жалпы ұпай жинаған 68 әлеуметтік жобалардың өтініш берушілері болады.
7.6. Екі және одан да көп өтінімдер бірдей ұпай санын жинаған жағдайда волонтерлік жұмыс тәжірибесі көбірек өтініш берушілерге басымдық беріледі.
8. ШАҒЫН ГРАНТТАР БЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ
8.1. Өтініш берушілерге гранттар бөлу шағын гранттар байқауының қорытынды хаттамасы мен қол қойылған грант беру туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын болады.
8.2. Шағын грант көлемі 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.
8.3. Грантты беру өтініш берушінің банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.
8.4. Төлем екі транш арқылы жүргізіледі:
− Грант сомасының 50% мөлшеріндегі I транш шартқа қол қойылған күннен бастап бес банктік күн аралығында аударылады;
− Грант сомасының 50% мөлшеріндегі II транш аралық есеп қабылданғаннан кейін бес банктік күн аралығында аударылады.
8.5. Грантты пайдалану мәлімделген сметаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Түзетулер енгізу тек Грант берушіні жазбаша түрде хабардар етіп, оның келісімін алғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
8.6. Аралық бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыру мерзімі – 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін, қорытынды бағдарламалық және қаржылық есептерді тапсыру мерзімі – 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.
8.7. Ұсынылған мәліметтер толық емес болған жағдайда Грант беруші есепті қайта түзетуге жіберуге құқылы.
8.8. Жоба тиісті деңгейде орындалмаған, грант қаражатын мақсатсыз пайдаланған және есепті уақытында тапсырмаған жағдайда, Грант алушы грант қаражатын қайтаруға міндеттенеді. Сомасы мен мерзімдері грант беру туралы
шартта айқындалады.
8.9. Грант алушы өзі туралы, жобаны іске асыру барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы БАҚ-да және әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға келісім береді.
8.10. Грант алушының жобаны жүзеге асыру бойынша ақпараты Ұйымдастырушының «Birgemiz: Asyl мura» жобасы үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жариялануы керек.
Парақшада Волонтер жылы мен «Birgemiz: Asyl мura» жобасының логотипі
және Волонтер жылының ортақ хештегтері #VolonterJyly_kz, #ГодВолонтера_kz, #VolunteerYear_kz, #Birgemiz, #volonter2020 болуы тиіс.
Әлеуметтік желіде жұмыс бойынша кеңестер (әлеуметтік желідегі қолданушы аудиторияны баптау, фейсбук парақшасын ашу және инстаграмға байлау) байқау құжаттарымен қоса берілген.
9. ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
9.1. Барлық туындаған дауларды байқау Ұйымдастырушысы мен Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.
9.2. Байқауды ұйымдастырушылары: «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Б.Майлин көшесі, 1а үй, 3 қабат. тел: 8 775 502 1161
e-mail: zhasulan2020@mail.ru
Қосымша 1
ЖОБАЛЫҚ ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер
Жеке тұлғалар үшін:
Бастамашыл топтар үшін:
Үкіметтік емес ұйымдар үшін:
2. Волонтерлік жұмыс / волонтерлік жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы мәліметтер (жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар үшін)
Жоба туралы мәлімет
Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:
– қолы қойылған байқауға қатысуға өтінімді ұсыну туралы ілеспе хат (бар болса): жеке тұлғалар үшін – еркін нысанда, заңды тұлғалар үшін – ұйымның мөрі қойылған ресми бланкісінде; – ұсыным хаттар (бар болса);
– жобаның презентациясы, жоба туралы бейне (бар болса).
Байқау қорытындылары жарияланғаннан кейін әлеуетті грант алушылар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Жеке тұлғалар, бастамашыл топтар үшін:
– жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
– шоттың 20 таңбалы нөмірінің болуы туралы қолы және мөрі бар банкттік анықтаманың сканерленген нұсқасы;
– борышкерлер тізілімінде жоқ екендігі туралы салық органынан мәліметтер;
– іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары;
– жоба бойынша егжей-тегжейлі смета.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін:
– заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұйым жарғысының сканерленген нұсқасы;
– егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құрылтай шартының сканерленген нұсқасы;
– заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;
– ұйымға қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының (i) банк шотының болуы туралы және (ii) конкурс аяқталған күннен бір айдан бұрын берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы қол және мөр қойылған сканерленген нұсқасы;
– өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының сканерленген нұсқасы. Анықтама шартқа қол қойылған күнге дейін 10 күннен ерте алынбауы тиіс;
– жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары;
– жоба бойынша егжей-тегжейлі смета.
Қосымша 2
ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НЫСАНЫ