Бүгін елордамыз Астанана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өткен еді. Онлайн-форматта болған алқалы жиынға Мемлекет басшыcs Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.
Әсіресе Президентіміз өз сөзінде бірлік пен ынтымақтастық – ешқашан ескірмейтін құндылықтар екенін атап өтті. Сондықтан бүгінде елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты сабырлық сақтап, бірлесе жұмыс жасау қажеттілігіне тоқталды.
Иә, Мемлекет басшымыз айтқандай, су тасқынынан зардап шеккен аудандардың тұрғындарының табиғи құбылыстармен жалғыз қалмауы үшін мемлекет тарапынан қажетті шаралар қабылданды. Жергілікті жерлерде жедел штабтар жұмыс істеп, барлық қажетті шаралар жүргізілді. Ал ең бастысы халқымыз ауыр сынақтан бір кісідей бірлесе өтіп, зардап шеккендерден өз көмектерін аямады. Қауіпті аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізген құтқарушылар, сарбаздар мен тәртіп сақшыларына еріктілеріміз, қоғам белсенділері мен жастарымыз көмектерін көрсетіп, ортақ істен шет қалмады. Өзге облыстардан тонналап азық-түліктер, киім-кешек, қажетті заттар жіберіліп жатты. Мұндай жұмыстар әлі күнге дейі жалғасып жатыр.
Осылайша халқымыз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бірлік мен тұтастық идеясын жүзеге асыруға бағытталған Қазақстанның күші бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Алдағы уақытта осы беттен қайтпауымыз қажет. Себебі Қазақстан біздің қасиетті қара шаңырағымыз. Сондықтан оның әрбір тұрғыны ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс деп ойлаймын. Зорлық-зомбылық пен соғыссыз бейбіт аспан астында өмір сүреп жатқанымызды бағалап, оны кейінгі ұрпағымыздың бойына сіңіруіміз керек.
Бірге болсақ біз үшін алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ. Ендеше бұл сынақты да бәріміз бірге еңсерейік.
Айшам НУРУЗОВА,
Қарасай аудандық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы.