Бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеруді, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейтуді, жалпы, нұротандықтардың ынтасын арттыруды мақсат еткен «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының 2-ші кезеңі жуырда облыс орталығында өткізілді.
Бұл республикалық байқауда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаевтың басшылығымен комиссия мүшелері бастауыш ұйымдардың жұмысын жан-жақты саралады. Нәтижесінде, партия мүшелері 500-ден 5 000-ға дейінгі аралықтағы 3-ші санат бойынша, Қарасай ауданына қарасты «Жаңашамалған» бастауыш партия ұйымы екінші орын алды. Аталған ауылдық округ әкімі Аманова Ғалия Матанқызы төрағалық ететін бұл ұйымшыл ұжымды жеңісімен құттықтаймыз!