«Алтын орда» маңайындағы жол пайдалануға берілгенімен бүгінгі күні темір тұлпарды тізгіндеушілер кептелістен әлі арыла алмай келеді. Әсіресе, кешкі уақытта базар маңынан бастап Райымбек ауылының бұрылысына дейін ұзын-сонар баяу жнда Үлкен Алматы айналмалы жолдың салынуына байланысты алып шаһарға бет алған автокөліктер таңертеңнен бастап амалсыз көлік кідірісіне ілінеді. Өйткені бұл маңдағы уақытша екі жолақты айналмалы жол барлығына тарлық етуде.
«Алматы – Бішкек» трассасындағы бұл кептеліс көлік иелерінің сабырын сынағалы қашан. Төзімі таусылған темір тұлпардағылар тасбақаша қозғалудан әбден жалықты. Кейбірі, тіпті, жол жүру ережесін бұзып, трассаның шетімен жүруге мәжбүр. Дәл осындай көріністердің бірін осы апүріп бара жатқан көліктерді еріксіз байқаймыз. Одан бөлек республикалық тасжолдың бойытада тасжолдың 19 шақырымынан байқадық. Күнде көріне. бермейтін жол сақшылары көлік иелерін тоқтатып, мән-жайды анықтап, түсіндіруде. Басқалары осы жердегі айналма бұрылысты қадағалап, кептелісті болдырмау үшін көлік ағынын азайтуға тырысуда. Қастарына жақындап әңгіме айтуды жөн санадық. Олар өздерін Алматы облыстық полиция департаменті жол патрульдік полиция қызметкері ретінде таныстырып, мұндай жұмыстарды күнде атқаратынын айтты. Одан бөлек осы маңдағы кептелістен арылудың амалдарын да түсіндірді.
– «Алматы – Бішкек» тасжолындағы бұл кептелістен құтылу үшін Райымбек ауылының бұрылысындағы жолды кеңейтіп, жаяу жүргіншілерге арналған көпірді бітіру керек. Сонда ғана көліктердің ағынын азайта аламыз. Біз дәл осы жерде таңғы 6:00-ден 10:00-ге дейін тұрамыз. Осы уақыт аралықта көлік кідірісін қадағалаймыз. Кейде жол ережесін бұзғандар болса, олардың соңынан кетеміз. Өйткені ондайлар көп кездеседі. Ал жалпы бұл республикалық трасса болғандықтан, оған «QazAvtoJol» ҰҚ АҚ жауапты екенін білеміз. Солар жұмысты жетілдіру керек. Барлығы солардың қолында, – деп өзінің ойын жеткізді Алматы облыстық жол-патрульдік полициясы батальонының аға инспекторы, полиция майоры Азамат Тюлюзаков
Жол сақшыларының пікірі осындай. Бұл трасса республикалық маңызы бар жол болғандықтан қандай да бір құрылыс пен оған қатысты сұраққа тек «QazAvtoJol» ҰК АҚ жауап беретіні белгілі. Осы ретте кептелістің мәселесін қалай шешуге болатынын аталмыш компанияның облыстық филиалына сауал жолдаған едік. Оған қатысты толық ақпаратты осы мекемедегі сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы Ернар Нұржауұлы жеткізді. Оның айтуынша, «Алтын орда» базары маңындағы жоба әлі толық аяқталмаған. Жаңа трассаның әлі үшінші қабаты да төселмеген.
– Қазіргі уақытта «Алтын орда» жақтағы құрылыстан бөлек, «Асыл арман» ТК-не тиісілі жол айрық пен Райымбек ауылының бұрылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті көпірінің жобалары толық біткен жоқ. Өйткені бұрынғы мердігер компаниялармен келісімшарт бұзылған. Енді осы құрылысты толық аяқтайтын серіктестікті анықтау үстіндеміз. Бүгінгі таңда конкурс өтуде. Бір айдың көлемінде нәтижесі шығады. Одан кейін олар іске кірісіп, бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтайды, – деп түсіндірген «QazAvtoJol» ҰК АҚ Алматы облыстың филиалының өкілі Ернар Нұржауұлы кептелістің себебіне де тоқталды. Оның айтуынша, Райымбек ауылының бұрылысындағы жаяу жүргіншілердің өтуі ең негізгі кедергілердің бірі. Оларға арналған жер үсті көпірі аяқталғанда бұл көлік кідірістері азаяды. Тағы бір басты мәселе – осы маңдағы трассаның екі жолақты болуы. Бас маманның сөзіне сүйенсек, «Алтын орда» маңындағы құрылыстың жобасы бойынша трассадағы жол бес және төрт жолақты болады. Жоғарыда айтып кеткендей, тасжолдың соңғы қабаты төселген соң, жолдар бір-бірінен бөлінеді. Яғни, ортаға жақын екі жолақ транзиттік, яғни, тоқтаусыз жүретін көліктерге арналса, оған іргелес жатқан екі жолақ базар мен сауда-саттық орындарына кіру үшін ыңғайлы етіп жасалынады. Одан бөлек ең шеткі жолағы арнайы қоғамдық көліктер мен такси қызметін ұсынушыларға арналады. Аталған жолақтардың арасы бетонды бөліктермен белгіленетінін айта кету керек. Дәл осы жолдар жалғасып Райымбек ауылындағы бұрылысқа келгенде үш жолақты болады. Десе де қазір оның тек екеуінде ғана көліктер жүруге мәжбүр. Өйткені үшіншісі әлі бітпеген. Оның құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, тек сараптамадан өтуі қалып тұр екен. Егер осы жол салынатын болса, ол Үлкен Алматы айналмалы жолының көпіріне дейін жалғасады.
Айтылған ақпараттың анығы осы. Турасын айтқанда, басталған іс ілгерілемесе, кептелістен көз ашпаймыз. Үлкен трассаға жауапты компания мұның бәрін ағымдағы жылдың соңына дейін бітіреміз деп сендірді.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.