Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінде 2021 жылдан бастап ҚР ҚК-нің 191 бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробациялық бақылау белгіленген сотталған А есепте тұр. 2024 жылдың наурыз айында Қарасай аудандық прокуратурасының прокуроры, Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, Қарасай АПБ-ның ЖПҚ-нің участкелік полиция инспекторымен бірлесіп, мобильдік топ құрамында сотталған А тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілген. Тексеру барысында сотталған А түнгі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмайтындығы анықталды. Сол себепті Қарасай аудандық пробация қызметі тарапынан түнгі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмағаны, пробация қызметіне тіркеуге келмегені, сотпен тағайындалған 100 сағат мәжбүрлі еңбекті орындамағаны, пробация бақылаудан жалтарып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлік бұзғаны үшін сотталған А қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолданған. Қарасай аудандық сотының қаулысымен сотталған А қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынған. Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандарды және барлық азаматтарды құқық бұзушылық жасау заңмен қудаланатындығы туралы ескертеміз.