2019 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң (ары қарай-Заң) педагогтың мәртебесін айқындады және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгіледі. Заңмен педагогтың құқықтық жағдайының сапалы жақсаруы, олардың әлеуметтік қорғауы кепілденді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы педагогтардың республикалық тамыз конференциясында білім және ғылым саласының дамуына еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде басты міндет артты. «Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтардың жоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек». Президент Заңның 6-бабында көрсетілген педагогты оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті, не ақпаратты ұсынуды талап етуге, заңнамларда көзделмеген тексерулер жүргізуге байланысты шараларға жеке тоқталып өтті.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тек заңнама нормаларын бұзушылықтарды, оның ішінде педагогтардың кәсіби мінедеттерін атқару барысындағы құқықтарының сақталуына қатысты анықтап қана қоймай, өз ісіне салғырт қарайтын жұмыс берушілер мен басқа да кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру үшін құрылған.
Қазақстан Үкіметі мен бүкіл қоғам үшін маңыздылығына қарамастан, педагог мәртебесі туралы заңдылық талаптарын орындамау Алматы облысы үшін өзекті мәселе болып тұр. Департаментке педагогтар, ата-аналар, азаматтар тарапынан білім саласындағы бұзушылықтарға байланысты өтініштер келіп түсуі жалғасуда. Алматы облысының мұғалімдерінен жасырын түрде алынған сауалнама қорытындысы бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бұзушылықтар орын алатыны дәлелденді. «Қашықтықтан оқыту барысында есеп алуды тоқтату туралы министрдің бұйрығы орындалады ма?» деген сауалға сұралған педагогтардың 45% «жоқ» деген жауап берген, «Мектеп әкімшілігі өз қаражытыңызға газетке жазылуға мәжбүрлей ме?» деген сұраққа 86% педагог «иә» деп жауап берген.
Сонымен қатар, құзіретті органдарға өтініш түсіру арқылы бұзушылықтарды болдырмауға талпынған педагогтарға білім беру ұйымы басшылары қысым көрсетеді: «Басшылық туындаған мәселелер туралы чатқа жазбауды талап ете ма?», «Басшылық сұрақтар бойынша оң жауап беруді талап ете ма?» деген сұрақтарғаа 70% мұғалім «иә» деп жауап берген.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері алдына өз жұмыстарын бүгінгі коронавирус пандемиясы кезеңінде туындаған жаңа талаптарға сәйкес қалыптастыру туралы міндет қойды: «Бүгінгі күні азаматтардың барлық сындарлы сауалдары орай жедел әрі тиімді әрекет ету маңызды».
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған кезеңнен бері білім саласына қатысты түскен сұрақтарға шұғыл жауап беру алгоритмін құрды. Біз күнделікті сайттарға, әлеуметтік желілерге, телефон арқылы және call-орталықтарына Алматы облысындағы білім саласына қатысты түскен ақпараттарды анықтаймыз. Келеңсіз деректер және бұзушылықтар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл түрде қарастырылып, көмек көрсету шаралары қолданылады. Департамент тарапынан қажет ететін отбасыларға компьютерлік техника беру, интернетке қолжетімділік және оқыту бағдарламаларын пайдалану мәселелері бойынша нақты көмек көрсетілді. Педагогтер және ата-аналар арасында оқу бағдарламасының мазмұнынан бастап және үй тапсырмасы, мектеп құрылысын жоспарлау және күрделі жұмыс жүргізуге дейінгі сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу де маңызды болып есептеледі.
Департамент әлеуметтік жүйелерге, бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жарияланған ақпараттарға мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруда.
Педагогтар, оқушылар, ата-аналардың назарына: Сіздерде білім беру саласына және колледж, мектептердің қашықтықтан оқытылуына қатысты сұрақтар туындаса және мектеп әкімшілігінің есеп сұрағаны, жоспраланбаған мониторинг және білім беру ұйымы әкімшілігі тарапынан тексеру жүргізілгені туралы фактілер бойынша ақпарат бергіңіз келсе, Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің сайтына жолдауларыңызға Almoblcontrol.kz, сонымен қатар, 8(7282)24-79-91, 24-75-13; WhatsApp: 87015771142; 87022573790 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.
Барлық келелі мәселені бірге шешетін боламыз.
С. ҚАБИМОЛДАЕВА,
Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.