(Жолдаудан кейінгі ой)
«Айтылған сөз – атылған оқ» дегендейін,
Жанға жағар сөз айтты Кемеңгерім.
Жолдаудың әр жолына көз жүгіртсек,
Қызығым көп екен-ау көрер менің.
Нағыз ер
Осылай деп нақты айтады,
Халқына жаны ашып, қатты айтады,
Елбасының шырылдап айтқан сөзі,
Жүрмесе екен
Құлықсызға жақпай тағы.
Қашанғы қара бастың қамын ойлап,
Ұмытылмақ…
Өскен жер
Ауыл-аймақ.
Құлаған үй,
Тозған жолды көргеніңде
Кетеді екен адамның қаны қайнап.
Өрімдей қыз-жігіт жүр қала кезген,
Жұмыссыздық жүнжітті сананы езген.
– Туған жерді тастадың неге? – десең
Бір түрлі қарайды олар ала көзбен.
Кім тыңдайды
Кедейдің халін мұндай,
Қырсық тұрар жолында болып ыңғай.
Мәселені шешуге болмас па екен
Әлсіздерді күштіге жалындырмай .
Білмейміз жалған айту қанша ыңғайлы,
Әйтеуір, уәдесі таусылмайды.
Бірте-бірте өзің де жолығасың,
Орын алған неше бір жайсыз жайды.
Ел алдында қызарып өкінгенмен,
Беті жоқтың сынға да еті үйренген.
Соңғы кезде болдық қой шын қорқатын,
Өтірік айтып, ауызы көпіргеннен.
Алдау, арбау, жемқорлық тоқтамады,
Бекерге кетіп жатыр жатқа малы.
Қайта-қайта айтқаннан не шығады
Болдырмаудың қаталдау жоқ па амалы?!
Кей жағдай орынсыз болып жатыр,
Шындықты айтсақ кеседі жолыңды ақыр.
Қисаймайтын мұрттары өңшей дөкей
Өйткені, бар дүние қолында тұр.
Елбасы ешнәрсені жасырмады,
Сынады мықтыларын қасындағы,
Туған елдің тұғырын нығайтуға
Арналды сөздерінің басым жағы.
Елбасымыз не деген көреген-ді,
Кемшіліктің ашылды себебі енді.
Оу, ағайын!
Көп болып – күресіңдер
Кеңге салып отырмай керегеңді.
Біз деген
Бір тұтаспыз – бір кісіміз,
Бар әлемге белгілі үлгі ісіміз.
Халқымның әл-ауқаты еселеніп.
Жақсара берсін дейміз тұрмысымыз!
Тілегім осы менің айтар бүгін,
Шалқи бер,
Шабыты мол,
Шалқар күнім!
Құрыш білек,
Батыл жүрек,
Әрқашан танытатын қайсарлығын!
Шекербек САДЫҚАНҰЛЫ,
Қарасай ауданының Құрметті азаматы.