Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 2025 жылдан бастап толық латын әліпбиіне көшетінімізді қадап айтты. Бұл бастама қазақстандықтарды ұлттық бірегейлікті нығайтуға шақыратынын, 30 дамыған елдің қатарына енуге, сондай-ақ, рухани байлықты сақтауға септігін тигізетінін жан-жақты түсіндірді.
…Ғасырға жуық уақытта біздің ата-бабаларымыз араб қарпінде жазса, 1929 жыл мен 1940 жыл аралығында жазу латын графикасында, қырқыншы жылдардан соң, барлық Кеңес Одағы елдерімен бірге кириллицаға көшті. Тек Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Елбасы Н.Назарбаев латын тіліне көшу туралы мәселені көтере бастады. Осыдан бес жыл бұрын латын графикасына толықтай көшудің мерзімі 2025 жылға дейін деп анықталды. 2017 жылғы 26 қазанда Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, жаңа әліпбиді бекітті.
Латин алфавитіне көшу – тек қазақ тілі ғана емес, жалпы қазақстандық қоғамды жаңғырту бағытындағы маңызды іс. Қазақстанға инвестициялар мен технологияларды трансферттеу үшін де аса қажет. Бүкіләлемдік банктің дерегі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі 30 экономиканың латын әліпбиі ішінде 22 елде, ал, 10 жетекші экономиканың 7-уінде латын әліпбиін қолданады. Сондай- ақ, ІЖӨ-і жан басына шаққанда ең жоғары деңгейдегі 20 аса қуатты елдердің 18-і латын әліпбиін пайдаланады екен. Осыған қарағанда латын әліпбиіндегі мемлекеттік тіл қазақстандық лингвистикалық кеңістіктің халықаралық коммуникациялар мен әлемдік экономикаға қосылуға жол ашары сөзсіз.
Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп-жетілген, қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды әрі ең салмақты нәтижелері – латынша таңбалау, қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге әсер етеді әрі қазақ тіліне айрықша мән беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады. Сондықтан, заманның талабы болып отырған латын әліпбиі үлкен қолдауға ие.
Қорытындылар болсақ, Қазақстан – түркі республикалар ішінде латын әліпбиіне ең кеш өтетіндердің бірі. Осыны жақсы пайдаланып, Қазақстаннан бұрын латынға өткен елдердің тәжірибелерін мұқият зерттеп, олардың артықшылық және кемшіліктерін салыстырып, түркі елдері ішіндегі ең мықты латын әліпбиді жасадық деп ойлаймыз. Сөйтіп, араб және кирилл графикасында бүкіл түркі дүниесі бойынша озық алфавитті жасаған Қазақстан латында да бұл табысын қайталайды деп сенеміз.
Латын әліпбиіне көшу келешекте біздің өскелең ұрпақ бүгінгі істелген жұмыстың арқасында бәсекеге қабілетті өз ана тілінде жазып және оқи білетін, ата-бабасының мәдениеті мен тарихын толық білетін азамат болады деп сенеміз!
М. Ғабдуллин атындағы орта мектептің «Жаратылыстану»
пән бірлестігі.