Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Оның Президентке, Үкіметке немесе мемлекттік органға ешқандай қатысы жоқ екенін айта кету керек. Бұл жайында Мемлекет басшысы да биылғы Мәжілістің алғашқы отырысында қадап айтқаны белгілі.
Қазақстандықтардың қоры болып табылатын бұл ұйым келесі міндеттерді орындайды:
– Қазақстан Респуб-ликасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;
– Төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режімін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;
– Халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;
– Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;
– Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету. Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайы рымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылатын болады.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңес жаңа құрамда сайланды. Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Қамқоршылық кеңес құрамы төмендегідей:
1. Пя Юрий Владимирович – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
2. Аружан Саин – ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;
3. Бахыт Мәдениетқызы Байғалиева – «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
4. Саида Жанәбілқызы Тәуекелова – «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
5. Эльмира Айташқызы Алиева – «Help Today» ҚҚ төрайымы;
6. Ләззат Алтынбекқызы Шығысбаева – «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
7. Трифонов Владислав Вячеславович – «Жизнь без границ» ҚБ;
8. Смирнова Ирина Владимировна – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері;
9. Роза Айтжанқызы Сүлейменова – «САТР» ЖШС бас директоры;
10. Алмаз Ержан – қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
11. Ораз Алиұлы Жандосов – «Ракурс» экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;
12. Олжас Әбдімәлікұлы Құдайбергенов – «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
13. Арманжан Мерекеұлы Байтасов – «Tan Media Group» иесі, меценат;
14. Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Қордың Қамқоршылық кеңесі бірауыздан «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы қызметіне Болат Жәмішевтің кандидатурасын ұсынып, қолдады.
«Қазақстан халқына» ҚӘҚ-ның жоғары басқару органы ретінде Қорға қатысушылардың жалпы жиналысы, бақылаушы орган ретінде Қамқоршылық кеңес, атқарушы орган болып Басқарма және бақылаушы орган болып Тексеру комиссиясы тағайындалады.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері мен көмек ретінде қол ұшын созғысы келетін азаматтар «Қазақстан халқына» Қорының шотына келесі реквизиттер бойынша қаражат аудара алады:
«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.