Өткен аптада Қаскелең қаласында «Тәжік-ауған ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігіне қарасты Қарасай аудандық филиалының ұйымдастыруымен қазақстандық жеке құрама батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 23 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өтті.
Ардагерлер бас қосқан жиынға Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айжан Балажанова, Қарасай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, капитан Ерлан Әбдіхалықов, «Таулы Қарабақ ардагерлері және мүгедектері» РҚБ Қарасай ауданы филиалының төрағасы Әділбек Каналиев, «Ардагерлер Одағының (Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» РҚБ Қарасай ауданы бойынша филиалының төрағасы Пердебай Қаныбеков және басқа да ардагерлер қатысты. Әрбірі қазақстандық жеке құрама батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 23 жыл толуына байланысты ойларын айтып, сөз сөйледі.
Шара барысында ардагерлер ерлікпен қаза тапқан қарулас достарын еске алып, Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық қорғаны істері жөніндегі бөлімінің маңында орналасқан Тәжік-ауған ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, 1991 жылы Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін 1992 жылы көршілес Тәжікстанда азамат соғысы басталған болатын. Халық екіге бөлініп үкімет пен үкіметке қарсы қаруы топтар арасында қанды қақтығыстар күшейді. Оларды Ауғанстан, Тәжікстан шекарасы арқылы қару жарақ, есірткі мен қамтамасыз ету Ауған маджахед терінің тікелей қатысуымен жүзеге асырды. Қазакстан республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұйрығымен ТМД шекарасын күзету мақсатында қазақстандық жеке құрама атқыштар батальоны жасақталды. Олар 1992-2001 жылдары аралығында тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік іс-қимыл операцияларды орындады.
Сол жылдар ішінде қазақстандық жеке құрама атқыштар батальоны дұшпанмен кескілескен ұрыстарда 49 жауынгер ажал құшты. Жүзден астам жауынгер ауыр жарақат алды. Оның ішінде 35 жауынгер мүгедектер арбасына танылды. 2001 жылы 8 ақпан күні қазақстандық жеке құрама атқыштар батальонының соңғы әскерлері шығарылды.