Саяси науқан басталғалы еліміздің барлық өңірінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауылдан – ауылға» атты акциясы белсенді өтуде. Ауылдың әлеуетін арттыруды мақсат еткен бұл бастамаға партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысуда.
Біздің ауданда да аталған ұйымның өкілдері іс-шара аясында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, жұртшылық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Мәселен, осы уақытқа дейін партияның штаб мүшелері ауданымызға қарасты Қаскелең қаласы мен Елтай, Ұмтыл, Шамалған сияқты ауылдарды аралып, жергілікті тұрғындармен тілдесті. Олардың тарапынан айтылған бірқатар мәселелерге де назар аударып, ұсыныс-тілектеріне құлақ асты.
Ауданымызда ауылдықтардың акция аясындағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.