Құрметті қарасайлықтар!
Коронавирус індетімен ауырғандар саны тоқтаусыз өсуде. Облыс бойынша 29 жағдай тіркеліп, бұл қатаң шаралар қабылдауды талап етіп отыр.
Осыған байланысты азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін, сонымен қатар, коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Алматы облысының Бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қаулы қабылданды. Ол бойынша 15 сәуірде 00-00 сағаттан бастап облыс аумағында карантин режимі енгізілді. Бұл Қарасай ауданына да қатысты.
Ауданның барлық қажетті жеріне тосқауыл бекеттері қойылды, кіруге және шығуға, азаматтардың негізсіз жүріп-тұруына тыйым салынды. Қаскелең қаласы да жабылды. Мұнымен бірге, ауданның тұрмыс-тіршілігіне аса қажеттілерінен басқа көптеген мекемелердің қызметі тоқтатылды.
Барлығыңыздан да тиісті талаптарды орындауды, арнаулы органдардың жұмысына кедергі келтірмеуді, сабырлылық сақтауды және мүмкіндігінше үйде қалуды сұраймыз.
Әркім де өзі және жақындары үшін жауапты болуы тиіс. Тек осылай ғана, бірлесе отыра бұл қиындықтарды еңсереміз.
Біз біргеміз!
Уважаемые карасайцы!
Число заболевших коронавирусом неуклонно растет. В области зарегистрировано уже 29 случаев, что подталкивает к принятию более решительных мер.
В связи с этим в целях защиты здоровья и жизни граждан, а также для недопущения дальнейшего распространения коронавируса Главным санитарным врачом Алматинской области было принято Постановление, согласно которому с 00:00 часов 15 апреля на территории области был введен режим карантина. Действует он и в Карасайском районе.
По всему периметру района установлены блокпосты, введен запрет на въезд и выезд, запрещено необоснованное передвижение граждан, закрыт и город Каскелен. Кроме того, приостановлена деятельность многих учреждений, за исключением тех, которые важны для обеспечения жизнедеятельности района.
Прошу всех выполнять необходимые требования, не мешать работе специальных органов, соблюдать спокойствие и по мере возможности оставаться дома. Каждому необходимо взять ответственность за себя и своих близких. Только так мы сможем сообща справиться с этими трудностями.
Мы вместе!