Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, көше жарықтандыру мен тас жол өтініші бар.
Мәселен, 70 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны үй жапсарына өсіп тұрған ағаштарды қысқартып кесуге өтініш білдірді. Әрбір жауын шашын, жел тұрған уақытта үйінің шатырына ағаш құлайды деп қорыққан тұрғын аудан әкімінен көмек көрсетуді сұрады.
Аталған мәселе бойынша маусым айының 7 дейін Р.Мақашев көшесіндегі ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізіледі – дейді өңір басшысы.
Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірмесін алды.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.