Әні мен сөзін жазған Садық Құнанбаев
Кешегі Қараөткелдей ұлы дала,
Паш етті бар әлемге сырын жаңа.
Самалды Сарыарқаның нақ төрінде
Жарқ етті Астанадай сұлу қала!
Қайырмасы:
Астана, Астана,
Астана, армысың!
Шаттығың шалқысын,
Ән болып қалқысын.
Есілді сүйіп келген,
Күн сайын биіктеген,
Жасай бер, Астана!
Астана – әнім де сен, нұрым да сен,
Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем!
Көз салған қиялымдай көкжиекке
Бәйтерек – болашақтың шыңы ма екен!
Қайырмасы:
Тәуелсіз шуағынан жаралғандай,
Жаңаша жарқыраған қала қандай!
Әрбір таң – Елордадан арайланса
Күн нұры – Ақордадан таралғандай!
Қайырмасы: