Өткен аптада Ұлттық валютамыз – төл теңге күні мен қаржы саласы мамандарының кәсіби мейрамы қарсаңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев екінші дәрежелі банк қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Олардың қатарында «БанкЦентрКредит», «Сбербанк Ресей» және «Тұрғын-үй жинақ банкінде» істейтін азаматтар болды.
Іс-шара барысында жылы лебізін білдірген Жандарбек Ермекұлы банк пен қаржы саласындағы мекемелердің қоғам өміріне үлкен септігін тигізіп, азаматтардың көптеген мәселелерін шешуге көмек беріп жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, олардың ішінде ең маңыздылары мемлекет тарапынан баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктерін де ұсынып жатқандығын да айтып өтті.
Аудан басшысы кәсіби мереке иелеріне, яғни, Айдын Қазбеков, Мақсат Ұзақбаев, Айнұр Тұяқбаева, Әлия Қуанбаева, Дәурен Меңдіханов және тағы басқа да мамандардың жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Олардың барлығына Жандарбек Ермекұлы Алғыс хат пен гүл шоқтарын сыйлап, естелік суретке түсті.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.