«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы, аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларымен танысып, үй шаруасына жәрдемдесу. Бүгінде аудан 16 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Аталмыш санаттағы адамдардың барлығы «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы мен жергілікті БПҰ-ның қамқорлығында.
Акция аясында жалғызбасты ҰОС ардагерлері Безруков Василий Иванович, Скударнов Михаил Дмитриевич, Половой Павел Игнатьевичке тегін медициналық тексеру жүргізіліп, азық-түлік себеті табысталды.
Мұндай ізгілікті шараларға ардагерлер дән риза. Қарттарды қадірлеудің тамаша үлгісін көрсетіп жүрген «Нұр Отан» партиясының мүшелері алғыс алуды жалғастырып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының аясында алдағы уақытта да қарияларға көмек көрсетілетін болады.
Өз тілшіміз.