Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз-мәслихаты өтті.
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсы «Ауыл» партиясының республи-калық масштабтағы арнайы жобасы болып табылады. Спикер-лердің айтуы бойынша ең алғаш байқау 2016 жылы өткізілген болатын. Сол жылдан бері дәстүр бойынша жыл сайын ұйымдастырылып келетін онлайн конкурс биыл да өз жалғасын тапты.
Бұл туралы Алматы обылысының «Ауыл» ХДПП филиалының төрағасының орынбасары Қаламқас Исаева ой бөлісті.
«2016 жылдан бастап бұл байқау өз жанкүйерлерін тапты. Сондықтан біздің партияның басшылығы бұл сайысты онлайн режимінде өткізуге шешім қабылдады. Бұл байқауға қатысушылар өз жұмыстарын проза, драма және поэзия жанрына ұсынды. Былтыр үш томдық кітап жарық көрді. Жинақта Алматы облысынан шыққан отандастарымыздың да еңбектері бар. Жалпы 10 номинация болды. 213 қатысушы, оның ішінде 99 ақын, 31 драма, 80-нен астам проза жанрларында.Биылғы жылы да байқау жалғасын тауып, Алаштың қозғалысының 100 жылдығына арналмақ» – деді ол.
Бүгінгі күні конкурс онлайн жүргізілетін болғандықтан халықаралық деңгейге жетті. Оған елімізден бөлек Қырғызстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, тіпті, Түркия мемлекеттеріндегі қандастарымыз және сол елдерде білім алып жатқан жас қаламгерлер де қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр. Биыл конкурстың аясы да кеңейтілді. Қоғам өкілдерінің, «Ауыл» партиясы филиалдарының өтініші бойынша, байқауға тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де шығармалар қабылдау жөнінде шешім қабылданды.
Әдебиет порталымен бірлесе өткізілетін конкурстың нәтижесі бойынша «Алтын тұғыр» ІІІ томдық жинағын басып шығару да игі дәстүрге айналды. Әдеби жинақтың биылғы тиражы 1000 дана.
Кітап «Ауыл» партиясының аймақтардағы филиалдары арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға таратылмақ.