Карантидік шаралар аясында ауданымыздағы әр әкімдіктің жанынан санитарлық топ құрылды. 245 санитарлық көмекшілерден жасақталған топтың мүшелері ауданымыздағы бірқатар нысандарды тексеріп, пандемияның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жақында осы топқа әрқашанда көмек қолын созып, әр іске белсенді түрде араласатын ауданымыздың жастары да қосылды. Олар санитарлық көмекшілермен бірге адамдар көп жиналатын жерлерде, мәселен, банктер, Қазпошта, Халыққа қызмет көрсету орталығы, сауда орындары сияқты басқа да нысандардын тазалығы санитарлық нормаға сай екендігін тексерісіп жүр. Сондай-ақ, олар осындай жерлерге келген адамдардың қорғаныш бетпердесін тағып, бір-бірінен әлеуметтік арақашықтықты қаншалықты сақтап жүргендерін бақылап, маска тақпағандарға вирустың қауіптілігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Аталмыш топтың мүшелерінің мәлімдеуінше, бұндай тексеріс әрі ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.