Ағымдағы жылдың 22 мамыры мен 22 маусымы аралығында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі – 2020» байқауы өткізілді.
Байқаудың критерийлеріне сәйкес алғашқы кезеңде «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын?» тақырыбындағы мотивациялық эссе жазып, сондай-ақ, бейне жауап жіберу арқылы кейстік тапсырманы жасау талаптары қойылған еді. Осы аталған талаптарды үздік орындап, конкурсқа белсенді қатысқаны үшін Қарасай ауданынан Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Абілқасымова Ділдә Ұланқызы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, атаулы байқау аппарат қызметкерлерінің әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл байқауға облыстан барлығы 68 мемлекеттік қызметші қатысып, ІІ кезеңге тек 3 үміткер ғана өтуге мүмкіндік алды.
Әйгерім МАМЕТЕКОВА,
Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің әдіскері.