Бүгінгі таңда індеттің таралуы кімге де болсын оңай тиіп жатқан жоқ. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың өздерін күнделікті тұрмыста қажетті заттармен қамтамасыз етуі қиынға соғуда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай қиын кезеңде халықтың қамын ойлағандар қол қусырып отырмай, барынша көмек көрсетіп жатыр.
Оған «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларының аясындағы «Biz birgemiz» акциясы үлкен сеп болуда. Аталған шарадан Елбасының туған жері де шет қалмай өзіндік үлесін қосуда. Жуырда Шамалған ауылдық округінің әкімдігі жергілікті демеушілердің қолдауымен көмекке мұқтаж жандарға қажетті азық-түліктер себеттерін таратты. Яғни, сұйық май, нан, шәй, ұн және тағы басқа қажетті күнделікті тұтынуға арналған өнімдер жинақталған қораптар әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 60 отбасыға берілді. Жоғарыдағы көрсетілген азық-түлік себеттері әлі де жиналу үстінде, алдағы уақытта қосымша тағы да таратылатын болады.
Бұрым ОРЫНБАСАР.