Өткен аптада аудандық жастар ресурстық орталығының белсенділері «Біз, жастар, таза қала үшін!» атты акция аясында сенбілік өткізді.
Ондағы мақсат – жастарды елжандылыққа баулып, тазалыққа үйрету, сонымен қатар, ортақ Отанымыздың әдемі болуына, гүлденуіне және көркеюіне талпыныстарын арттыру. Тазалау жұмыстары Қаскелең өзенінің жағалауында жүргізілді. Жастар демалыс саябағына айналған мекенді қоқыстан арылтты. Қолдарына тырма, күрек алып жұмысқа кіріскен еріктілер бұл іс-шараға белсене ат салысып, көмектерін көрсетті. Аудандағы көрікті жерлерді қоқыстан тазартуға бағытталған бұл шара наурыз айының соңына дейін созылады.
Өз тілшіміз.