Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Оның қоздырғышы – ортомиксовирустар. Атап айтқанда, олардың үш А, В, С деген типі бар және ол жұқпалы дертке жатады. Жалпы, аталмыш ауру циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар, адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып кетеді. Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген азаматтар оған деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол беруде.
Осыған орай, бүгін аудандық орталық ауруханада «Тұмауға қарсы егілейік!» атты акция өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева қатысып, өзіне тұмауға қарсы иммундау екпесін салғызды. Жалпы, аталған іс-шараның негізгі мақсаты аудан тұрғындарын жұқпалы дерт қаупінен алдын-алу болатын.
Бұл акциядан хабардар болған еріктілер кезекке тұрып, рұқсат беруші медбике Юлия Ковальчуктың алдынан өтіп, екпені ендіруші медбике Тамара Культимоваға барып жатты. Ақ халатты дәрігерлердің айтуынша, грипп вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин және нейраминидаза болады. Олар әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін екен. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Бұл ауруды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ, ол науқастың ыдысынан, сүлгісінен, қол орамалынан, кітабынан және т.б әрдайым қолданатын заттары арқылы жұғатыны да бар.
Осы себепті де дәрігер мамандар тұмау белгілері байқалған жағдайда, оны асқындырмай, лезде ауруханаға көрінуге кеңес береді. Бұдан бөлек, мидицина қызметкерлері жыл сайын өтетін бұл акцияда диспансерлік есепте тұрған немесе үйдегі балалардың, кішкентей сәбилердің, қарттардың, мүгедектердің және жүкті әйелдердің иммундаудан өтуі қажет дейді. Жалпы, бұл екпе адам ағзасының тұмауға қарсы қорғануын 15 пайызға дейін жоғарылатады екен.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.