Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) күні кеше коронавирус ауруын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға бірден мәлімдеме жасады.
«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», – деді ҚР Президенті.
Ел Президентінің арнайы тапсырмасына сәйкес республика бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және Елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады және осы уақытқа дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Бірақ шағын және орта бизнес өз істерін жалғастыра береді және сол сияқты ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істейтін болады.
Өз тілшіміз.