Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты басқосу өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов ашқан мерекелік жиынға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенділері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Алдымен Қаныбек Құлжабайұлы мерекемен жиналғандарды шын жүректен құттықтап, басты құндылықтарымыз – тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміздің нығая беруін алға тартып, ақ тілегін білдірді. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев пен аудандық кәсіподық комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев та мерекеге орай ізгі ниеттерін айтып, жиналғандарды құттықтады.
Жиын барысында партия төрағасының бірінші орынбасары нұротандықтар қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партия билетін салтанатты түрде тапсырды.
Сонымен қатар, ортақ іске елеулі үлес қосып жүрген бір топ партия белсенділеріне өз атынан Алғыс хаттар ұсынды.
Бұрым ОРЫНБАСАР.