Өздеріңізге белгілі, 9 маусымда елімізде кезектен тыс Президенттік сайлау өтеді. Осы саяси науқанның әр аймақта заң талабына сай ұйымдастырылуы негізінен аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмысына байланысты. Өткен аптада аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлауалды үгіттеу жұмыстары кезеңіне дайындық жұмыстары туралы отырысы болды. Басқосу аудандық орталық сайлау комисиясында өткізіліп, оған ой бөлісу үшін ауданымызға қарасты қала және ауылдық округ әкімдерінің барлығы шақырылды. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері де қатысып отырды.
Жиналысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалия Аманова жүргізіп, кезектен тыс Президенттік сайлаудың күнтізбелік жоспары бекітілгенін және ауданымыздағы 101 сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдармен жабдықталғанын айтты. Ал, Қаскелең қаласының әкімі А.Мұқашев қала ішінде үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін үш стенд дайын екенін жеткізді. Олардың орналасқан мекенжайы: Абылайхан көшесі №216 үйде, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратының жанында, Асқаров пен Бердіғұлова көшелерінің қиылысында және Абылайхан көшесі №40 үйде. Сондай-ақ, Жаңашамалған және Ұмтыл ауылдық округтерінің басшылары А.Айдаров пен Р.Құлыншақов өздері басқаратын аймақта үгіт-насихат материалдарын орналасу үшін стендтердің дайын екені жайлы ақпарат берді. Жиын соңында комиссия мүшелерінің қатысуымен жоғарыда аталған қала мен округ басшыларының есебі назарға алынды және үгіттеу кезеңінің дайындық іс-шаралары да комиссия мүшелерінің басты назарында болатыны жайлы шешім шығарылды.
Өз тілшіміз.