Күні кеше ғана тағайындалған жаңа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша, Алматы облысының орталық қаласының басты көшесіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті, «Халық қаһарманы» атағының иегері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Талдықорған қаласының ең ұзын әрі басты көшесі бұрын «Тәуелсіздік» деп аталған. Оның жалпы ұзындығы 6,8 км, ені 16-18 м. Көше қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін жалғасады. Оның бойында қаланың ең көрікті нысандары мен тарихи ескеркіштері орналасқан.
Атап айтар болсақ, қазақ билеріне арналған «Үш ата» ескерткіші, қазақтың белгілі ақын-жазушысы Ғали Ормановтың бюсті, қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың ескерткіші және тағы да басқа ескерткіштер. Ал, ең көрікті нысандары: Орталық саябақ, «аквапарк» демалыс орны, І.Жансүгіров атындағы университет, 5 колледж, 2 орта мектеп, орталық алаң, мәдениет сарайы, мұражай және т.б.
Меруерт МАХМҰТЖАН.