Жуырда Мерей ауылындағы Ұмтыл мәдениет үйінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, әрі қазақ халқының мақтанышы, атақты Балуан Шолақтың туғанына 155 жыл толуына арналып, еркін күрестен оқушылар арасында ашық турнир өткізілді.
Балардың бұл спорттық бәсекесін, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің қолдауымен, мәдениет үйінің директоры Қолқанат Ізмаханов пен әдіскері Мақпал Жаркетерова ұйымдастырған еді.
Жарыстың ашылу салтанатына №2 балалар мен жасөспімдер спорт мектебінің директоры Валерий Хациев, Ұмтыл ауылдық округі әкімдігінің маманы Дәулет Омаров, аудандық мәдениет үйінің директоры Эльнура Нұрғожаева қатысты.
Сонымен, тартысты өткен жарыста Мирас Әбдикаримов (18 кг), Диар Көрпешов (20 кг), Қалимхан Қуанышбеков (36 кг), Абай Хангелдиев, Нұрислам Төлендиев (32 кг) Хангелдиев (50 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар тапсырылды.
Өз тілшіміз.