Өткен жылдың желтоқсан айының соңында аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы мен партияның 20 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өткізді. Жобаның жалпы мақсаты – қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлау, оларға қамқорлық танытып, барынша құрмет көрсету еді. Игілікті мақсатты жүзеге асыруды алға қойған аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат пен басқа да нұротандықтар аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірлесе, қазыналы қарияларға құрмет көрсетті. Жаңа жыл қарсаңында олар аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Жандарбек Далабаевтың атынан да құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады. Ал, ардагерлер өз кезегінде осынау мерейлі мереке қарсаңында ұмытпай, құрмет көрсетіп жүрген нұротандықтарға алғыстарын білдірді. Жалпы, партия филиалы тарапынан келешекте де осындай игі істер жақсы жалғасын таппақ.
Өз тілшіміз.