Кеше ғана Елбасымыз Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру міндеттері ашып айтылды.
Соның ішінде мемлекет басшысының ауыл тұрмысын жақсарту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» атты жобасы маған қатты ұнады.
Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға атсалысу тек ауыл басшыларына ғана емес, барлығымызға ортақ міндет деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, елді мекеннің көркейіп, әл-ауқатының артуына әрқайсымыз қолғабыс етсек, ел дамуына тигізер пайдамыз деп білемін.
Сондай-ақ, Президентіміз үш ауысымдағы мектеп мәселесіне де жеке тоқталды. Оқушының сапалы білім алуына барлық жағдайды қарастыру әрбірімізге жүктелген міндет деп санаймын.
Жалпы, Елбасының халыққа ұсынған Жолдауындағы әрбір бастаманың жүзеге асуына бәріміз күш салуымыз керек.
Серік ҚАЛИЕВ,
Қарасай аудандық тарихи-өлкетану
музейінің директоры.