Елбасының халыққа жариялаған осы жолғы Жолдауы біраз маңызды жоспарларды қамтыды. Ондағы басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыстық сапа жағына көп көңіл бөліп, ел экономикасын жақсарту. Бағыты айқын Жолдаудың тапсырмалары тиісті министрлерден бастап, әр саланың қызметкерлеріне, аймақ басшыларына жүктелді.
Жалпы, Жолдау аясында айтылған айқын басымдықтар – ел игілігі үшін жасалатын жұмыстар. Оның ішінде әр салаға қатысты мәселе бойынша талаптар мен оның оңтайлы шешімі де сөз етілді. Солардың бірі – «сот жүйесін одан әрі жаңғырту» жобасына тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы соңғы жылдары бұл салада көп жұмыс атқарылғанымен, соттарға деген сенім деңгейі жоғары емес екенін айтты. Одан бөлек, сот жұмысы заманауи форматта жүргізіліп, озық электронды сервистер енгізуді де тапсырды. Елбасының бұлай айтуына негіз де бар. Өйткені, жыл сайын төрт миллион азамат сотта қаралатын жұмысқа қатысады, ал оған жұмсалатын күш пен қаражат көп шығын екені белгілі. Сондықтан бұл істерді жүргізуге электрондық жүйенің септігі мол деп ойлаймын. Сондай-ақ, Президентіміз заң саласындағы кадр мәселесіне де жеке тоқталды. Яғни, сот жүйесі сапалы даму үшін қызметкерлер жаңарып, үздік заңгерлер судья болуға талпыну керек. Сөз соңында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл соңына қарай Жоғарғы сотқа Үкіметпен бірлесе тиісті шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
Иә, мақсатымыз – айқын! Елбасы жүктеген тапсырманың орындалуына барынша күш салып, тек сапалы жұмыс көрсету – біздің міндетіміз.
Мәди КӨШІКБАЕВ,
Қарасай аудандық сотының төрағасы.