Жуырда, атап айтқанда, 17-ші қыркүйек күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті.
Жиынға саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып жүргізді.
Конференцияда белгіленген күн тәртібі бойынша «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конститутциялық заңының 101-бабы, 4-тармақшасына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы шығып қалған депутаттардың орнына 2018 жылдың 28 қазанына белгіленген сайлауға орай, аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты «Нұр Отан» партиясынан кандидат ұсыну мәселесі қарастырылды.
Бас қосу барысында үміткер кандидаттардың өмірбаяны мен осы уақытқа дейін сіңірген еңбегі жайлы айтылып, оларға қатысушылар дауыс берді.
Сонымен қонференция делегаттарының бірауыздан қолдауына ие болған «Дәулет-Серпін 603» ЖШС-ның бас директоры Далибаев Жалғасқан Серікұлы мен«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Ақшолпан Қайратқызы үміткер ретінде тіркеліп, алдағы Қаскелең округі мен Жамбыл округінде ұйымдастырылатын сайлауға қатысады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.